Шахтадағы апат. Төртінші кеншінің денесі табылды
«Қазақстан» шахтасында төртінші кеншінің мәйіті табылды, деп хабарлайды BAQ.KZ «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Төртінші кеншінің денесі табылды, Халиков Артур Ринатович, 1994 жылы туған, 4-разрядты жерасты электршебері, еңбек өтілі 10 жыл. Марқұмның әріптестері мен компанияның бүкіл ұжымы мезгілсіз қаза болған жолдастың туған-туыстары мен жақындарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтады, – делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, 17 тамызда “АрселорМиттал Теміртау” кәсіпорнының “Қазақстан” шахтасында конвейер таспасы өртенді. Шахтада 227 адам болған, 222 адам эвакуацияланды. Сегіз адам зардап шекті. Төтенше жағдай кезінде 5 жұмысшы жоғалып кеткен болатын. Кеше кешкісін бір адамның денесі табылып, кім екені анықталған болатын.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев “Қазақстан” шахтасында болған апаттың себептеріне жан-жақты тергеу жүргізуді тапсырды.
Сонымен қатар «Қазақстан» шахтасындағы өртке байланысты Шахтинск қаласының Полиция бөлімі ҚК 277-бабы 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеуді бастады. Сондай-ақ депутаттар Арселор Миттал басшылығын жауапқа тартуды талап еткен болатын.
Қазіргі уақытта 4 кеншінің денесі табылып, қалған 1 адамды іздестіру жалғасып жатыр. Сонымен қатар дәрігерлер ауруханаға түскен шахтерлердің жағдайы туралы айтқан болатын.