Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Балқашта жол апатынан 9 адам бақилық болды

Балқашта жол апатынан 9 адам қаза тапты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі ІІМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Қайғылы оқиға 19 тамыз күні сағат 6:00 шамасында Балқаш — Приозерск тас жолында тіркелген. Гүлшат кентінен 5 шақырым жерде Toyota Camry 70 пен Honda Odyssey көліктерінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы тіркелді.

Салдарынан 9 адам оқиға орнында қайтыс болды. Бір жолаушы ауруханаға жеткізілді, — деп хабарлады Балқаш қалалық полиция бөлімінің бастығы Айткен Кадрин.

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталып, тиісті сараптамалар тағайындалды.

Сәйкес жаңалықтар

Биыл “SOS” дабыл батырмасына әртүрлі сипатта 37 өтініш түсті

admin

Сарыағаш: тұрғындар мәселесі оң шешімін табуда

admin

Түркістан: білім нысандарының жылу маусымына дайындығы қайта пысықталды

admin