Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
ӘлемЖаңалықтар

Қазақстан мен Ресей шекарасында өрт шықты

15 тамызда Орынбор облысының Кувандык қалалық округі мен Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы арасындағы шекараға жақын маңнан өрт шықты. Бұл туралы ғарыштық мониторинг барысында белгілі болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Өрт еліміздің аумағына өтпеуі үшін ТЖД бөлімшесінің 6 қызметкері Орал АЦ 5-40 және ДЖАК өрт сөндіру машиналары кезекшілікке жіберілді. Сондай-ақ шекара бөлімшесінің қызметкерлері мен ерікті өрт сөндіру бөлімдері шекара бойында кезекшілік етті.

Ресей Федерациясы Орынбор облысымен өзара іс-қимыл аясында Ресей Федерациясының мамандары өртті сөндірді. Жағдай Мәртөк ауданы ТЖБ-ның тұрақты мониторингті менбақылауында болды,- деп хабарлады ТЖД.

Кезекшілік 16 тамызда таңғы 8:40-та аяқталды. Ресейден оттың өтуі болған жоқ.

Сәйкес жаңалықтар

Жетісу: өңірдің мал шаруашылығын субсидиялауға биыл 6,8 млрд теңге бөлінді

admin

Жетісу полицейлері ағаш отырғызды

admin

Инфраструктура : Аким Шымкента ознакомился с ходом строительства продолжения проспекта Кунаева

admin