Астанада екі жас құрылысшы 15-қабаттан құлап, мерт болды

Астанада үйдің қасбетін салып жатқан екі жұмысшы 15-қабаттан құлап мерт болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, Астана қаласында салынып жатқан жаңа тұрғын үй кешенінде қасбет қоюмен айналысқан екі жұмысшы 15-қабаттан құлап, қайтыс болды.

Қасбет қою жұмыстары барысында 20-қабатты “A-City” тұрғын үй кешенінде 1995 және 2003 жылғы екі жұмысшы биіктіктен құлап, оқиға орнында қаза болды, – делінген полиция хабарламасында.

ПД ақпаратына сәйкес құрылыс жұмыстары кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтамау бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталып кетті.

ПІКІР ЖАЗУ