Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
ЖаңалықтарҚоғам

Ауа райы: Қыстың соңғы аптасы қандай болады?

Кең ауқымды аязды антициклон Қазақстанның басым бөлігінде өз ықпалын сақтайды. 26-28 ақпан аралығында ел аумағында температуралық фонда айтарлықтай өзгерістер болжанбайды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Республика бойынша тұман күтіледі.

Еліміздің басым бөлігінде аязды ауа райы сақталады. Сонымен қатар, республиканың оңтүстігінде жауын-шашын күтіледі, кей жерлерде қатты жауып, жел күшейеді, тұман түсіп, көктайғақ болады, — деп хабарлады «Қазгидромет» РМК мамандары.

Синоптиктердің мәліметінше, кезеңнің соңына қарай оңтүстік облыстарда ауа температурасы төмендейді:

  • Түнде: термометр бағандары -10…-17 градусқа дейін, Түркістан облысында -2…-10 градусқа дейін төмендейді.

  • Күндіз: оңтүстік өңірлерде -2…-12 градус аяз, Түркістан облысында +2…+7 градус жылы болады.

  • Респбулика бойынша кей жерлерде тұман күтіледі.

Астана

Елордада айтарлықтай жауын-шашынсыз, аязды ауа райы сақталады.

  • 26 ақпан: Күн бұлтты, жауын-шашынсыз. Шығыстан соққан желдің жылдамдығы 9–14 м/с. Түнде -24…-26°C, күндіз -17…-19°C.

  • 27 ақпан: Күн бұлтты, жауын-шашынсыз, жел басылып 3–8 м/с болады. Түнде аяз күшейіп -29…-31°C, күндіз -18…-20°C.

  • 28 ақпан: Күн бұлтты, күндіз аздап қар жауады. Оңтүстік-шығыстан соққан жел 3–8 м/с. Түнде -27…-29°C, күндіз -15…-17°C.

Алматы

Алматыда жауын-шашынды және көктайғақ болуы мүмкін. Құбылмалы ауа райы болжанады.

  • 26 ақпан: Бұлтты, түнде қар, күндіз жауын-шашын, кейде қатты (мұздай жаңбыр, қар) жауады. Тұман мен көктайғақ болуы мүмкін. Батыстан соққан желдің екпіні 15 м/с жетеді. Түнде -1…-3°C, күндіз 0…+2°C.

  • 27 ақпан: Бұлтты, қар жауады. Жолдарда көктайғақ пен тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15 м/с. Температура түнде және күндіз -3…-5°C болып, әрі қарай төмендей береді.

  • 28 ақпан: Бұлтты, кейде қар жауады, тұман, көктайғақ. Түнде -7…-9°C, күндіз -3…-5°C.

Шымкент

Шымкентте кезеңнің басында жаңбыр жауып, жел күшейеді.

  • 26 ақпан: Күн бұлтты, жауын-шашын (негізінен жаңбыр), кейде қатты жауады, тұман түседі. Оңтүстік-батыс желінің екпіні 15–20 м/с жетеді. Түнде +3…+5°C, күндіз +7…+9°C.

  • 27 ақпан: Түнде және күндіз жаңбыр жауады. Түнде және таңертең тұман. Түнде 0…+2°C, күндіз +7…+9°C.

  • 28 ақпан: Күн бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Түнде 0…-2°C, күндіз +7…+9°C.

Еске салайық, бұған дейін синоптиктер наурызда Астанада ауа райы қандай болатынын хабарлаған еді.

Сәйкес жаңалықтар

Кентауда Алтын құрсақты аналар ардақталды

admin

Бәйдібектік ұстаз кәсіпкерлікпен айналысып қосымша табыс тауып отыр

admin

ЖОЛДАУ: Ең төменгі жалақы көлемін 42 500 теңгеден 60 мың теңгеге өсіру туралы шешім қабылдаймын

admin