Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Абай облысында есірткі қойып кетуші топ қолға түсті

Абай облысында “Қарасора – 2023” ЖПІШ барысында есірткі қойып кетуші топ қолға түсті, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz сілтеме жасап.

Ұзақ мерзімді жедел әзірлеуді жүргізу нәтижесінде Абай облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері және Семей қаласы ПБ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімінің қызметкерлері “Қарасора – 2023” ЖПІШ өткізу барысында синтетикалық есірткілерді жеткізу арнасының жолын кесті.

Есірткі қылмысына қарсы күрес бөлінісінің қызметкерлері интернет дүкеннің қатысушыларын анықтады.18, 25 және 29 жастағы үш жергілікті тұрғын облыс орталығында синтетикалық есірткі құралдарын құпия орындарға жасырын қойып кетіп отырған. Ұсталғандардан сатуға арналған 250-ден астам бір реттік синтетикалық есірткі дозасы, сондай-ақ мобильді құрылғылар тәркіленді. Олардың көмегімен жасырын орындарды суретке түсіріп, есеп беріп отырған.

Сәйкес жаңалықтар

Полицейлер “синтетика” өндіретін есірткі зертханасын жойды

admin

Сарыағаш: ауыл шаруашылығы саласының үздіктері марапатталды

admin

Тоқаев ТМД елдері басшыларының бейресми кездесуіне қатысады

admin