Түлкібас: өрт қауіпсіздігінің талаптары түсіндірілді
Ауданымыздың ыстық құрғақ және желді ауа-райына қарамастан астық жинау науқаны қызу жүріп жатыр. Егістік, жем-шөп алқабтарында астық жинауға қатысатын техникалардың өрт қауіпсіздік талаптарын сақтамауы қауіпті жағдайды тудырады. Әрине астық жинау, ірі жем-шөп дайындау кезеңінде барлық жасалған еңбекті өрт бір мезетте жоюы әбден мүмкін.
Осыған байланысты Түлкібас ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі және №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері аудан аумағындағы жем-шөп, егістік алқаптарында болып, шаруа қожалық төрағаларына қауіпсіздік талаптары:
Техникаларға ұшқын қайтарғыш құрылғылар оранату, алғашқы өрт сөндіру құралдарын дайындау, өрт өшіретін сыпырқылар дайындау, егін алқабындағы минералды жолақтар сақталатын шараларды күшейту, ерікті өрт сөндіру құрылымдарын құру, трактор соқасын дайындықта ұстау, 3 тоннадан кем емес суға толы цистерна дайындау, дәнекерлеу жұмыстарын алқап басында жүргізуге тиым салу нұсқаулықтары түсіндірілді. Шара барысында 120 дана жадынама ескертпе парақшалары таратылды.
Түлкібас ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі