ШЫМКЕНТ: Достық шағын ауданын инфрақұрылым желілермен қамту жұмыстары жүргізілуде

Шымкент қаласының «Достық» шағын ауданында газ және кәріз жүйелерінің құрылыс жұмыстары кестеге сәйкес атқарылуда. Қала әкімі жүзеге асқан жұмыстардың барысын аралап көрді.

Шағынауданда кәріз жүйесімен қамту жұмыстарына  жауапты мердігер – «Газовое хозяйствто «Шымкентгаз» ЖШС. Кəріз жүйелерінің ұзындығы – 51,3 шақырым. Бүгінде 40 % жұмыстар орындалған. Нысан құрылысын 2022 жылдың қазан айында аяқтау жоспарда.

Сонымен қатар, шағын ауданда «ГХ Шымкентгаз» ЖШС тарапынан газ жүйелерінің құрылысы жүргізілуде. Газ жүйелерінің ұзындығы — 46,06 шақырым. Қазіргі таңда 50 % жұмыстар орындалды. Құрылыс жұмыстарын биыл қазан айында аяқтау жоспарлануда.

Сонымен қатар, компания Достық шағынауданына да талшықты оптика желісін тартты. 2500-ге жуық үйге талшықты оптика желісі және 200 шақырымды қамтитын абоненттік кабель жүргізілді. Аталған шағынауданның өтініш білдірген алғашқы 100 үйге интернет желісі қосылып, тұрғындардан қосымша өтініштер қабылдану үстінде.

Тұрғындар тарапынан кеңжолақты интернет желісіне қосылуға нақты өтінімдер берілген жағдайда, компания тарапы шағынауданды толыққанды талшықты оптика желісімен қамтамасыз етпек.

ПІКІР ЖАЗУ