Шымкентте жалдамалы пәтерден 28 жастағы әйелдің мәйіті табылды

Шымкентте жалға алынған пәтерлердің бірінен 28 жастағы әйелдің мәйіті табылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. Оқиға орнына аудандық ішкі істер бөлімі қызметкерлерінен, сот-медициналық сарапшылардан, Шымкент қалалық полиция басқармасының тергеушілерінен және жедел уәкілдерінен құрылған тергеу-жедел тобы аттанды. Мамандар әйелдің қылқындыру салдарынан қайтыс болуы мүмкін екенін анықтады. Бұл факт ҚР Қылмыстық кодексi 99-бабы “Адам өлтіру” бойынша тіркелді.

“Пәтер иесінің танысының түсініктемесімен, полицейлер марқұмның кім екенін анықтады. Марқұм қалаға жұмыс істеу мақсатымен келген 28 жастағы бойжеткен болып шықты. Қылмыстың ауырлығын ескере отырып, тергеушілер мен жедел уәкілдер күдіктіні іздеп, ұстауға кірісті”, – делінген хабарламада. Бейнебақылау камераларының жазбаларын тексеру кезінде полиция қызметкерлері кісі өлтіруге қатысы болуы мүмкін жігітті анықтады. Ол 1994 жылы туған Түркістан облысының тұрғыны болып шықты.

Күдікті Жетісай ауданында тұрғылықты жерінде ұсталып, қамауға алынды. Тергеу амалдары жүргізілуде. Сараптамалар тағайындалды.

ПІКІР ЖАЗУ