«Зорлық-зомбылыққа жол жоқ» акциясы өз жалғасын табуда

Қазақстан Республикасында Гендерлік теңдік стратегиясын іске асыру, әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау құрылымдарымен қызметін жақсарту және жетілдіру, ана мен баланы қорғауға, қоғамдағы отбасы рөлін күшейту мақсатында Төлеби аудандық полиция бөлімінде тұрғындармен кездесу ұйымдастырылды. Кездесуге Төлеби аудандық ауруханасының психо-профилактикалық бөлімінің мамандарыда қатысып келді.

Сонымен қатар, аудан әкімі жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссиясы, аудандық полиция бөлімі, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Әлеуметтік – психологиялық сүйемелдеу қызметі секторы, қалалық емхана психологтары, аудандық әжелер алқасының төрайымы және мүшелері, аудандық аналар алқасының төрайымы және мүшелері, аудан кәсіпкерлері мен аудан тұрғындары қатысты.

Әйелдер мен балалардың құқығын қорғау, отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын-алу мәселелеріне қатысты тиісті сала мамандары өз ойларын ортаға салып, күн тәртібіндегі мәселенің қоғам үшін аса маңызды екенін айтты.

Шараның негізгі мақсаты – әйелдер мен балаларға қатысты жасалынатын зорлық-зомбылықтың тәсілін және әдісін, сондай-ақ, оның себептері мен жағдайларын анықтау.

ПІКІР ЖАЗУ