Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Төлеби ауданымыздың 90 жылдық мерей тойына орай аудан жастары арасында Жайдарман 2022-2023 ойынының фестивалі өткізілді

 

 

Төлеби ауданының ішкі саясат бөлімі «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен Төлеби ауданымыздың 90 жылдық мерей тойына орай аудан жастары арасында Жайдарман 2022-2023 ойынының фестивалі өткізілді.

Ойынға аудан, қаламыздың колледж студенттері, мектеп оқушылары қатысты. Ойын барысында жайдарманшылар ауданымыздың 90 жылдық мерекесімен құттықтап, ауданымызда болып жатқан мәселелерді әзілмен халыққа жеткізді.

Ойын соңында жайдарманшыларға келесі кезеңдерге жолдама беріліп алғыс хаттар ұсынылды.

Іс-шараның мақсаты жастардың интелектін дамыту, өнерге деген құлшынысын арттыру, әрдайым ізденіс үстінде болуға шақыру, қоғамда болып жатқан мәселелерді әзілмен жеткізу.

 

Сәйкес жаңалықтар

Түлкібас ауданында этнотуризм дамып келеді

admin

Түркістан облысында биыл 45 мыңнан астам оқушы жазғы сауықтыру лагерьлерінде тегін демалады

admin

Дархан Сатыбалды кентаулықтарға қолдау көрсеткен демеушілерге алғыс айтты

admin