Төлеби ауданының әкімі Төлеген Телғараевтың кезекті кездесуі жоспарға сай Жоғарғы Ақсу ауылдық округінде өтті

Төлеби ауданының әкімі Төлеген Телғараевтың кезекті кездесуі жоспарға сай Жоғарғы Ақсу ауылдық округінде өтті. Кездесу барысында аудан басшысы ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының 2022 жылдың 10 айының қорытындысымен таныстырып өтті.

Кездесу барысында тұрғындарға ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының 10 айдағы көрсеткіші мен ҚР Президентінің «ӘДІЛЕТТІ МЕМЛЕКЕТ. БІРТҰТАС ҰЛТ. БЕРЕКЕЛІ ҚОҒАМ» атты Жолдауының бағыттарын түсіндіріп өтті.

Құрамында екі елді мекені бар Жоғарғы Ақсу ауылдық округіндегі облыстық маңызы бар жолдың ұзындығы 12,9 шақырым, ішкі көшелер 13,71 шақырым. Жолдардың қанағаттанарлық жағдайы 96 пайыз. Сарқырама елді мекеніндегі 0,415 шақырымды құрайтын Теріскей көшесіне жыл соңына дейін асфальт төселеді деп жоспарлануда.

Мәдени елді мекеніндегі кіре беріс көпірді күрделі жөндеуден өткізу үшін жобалалау-сметалық құжаттары әзірленуде.

Округ аумағына қарасты екі елді мекен толық табиғи газбен қамтылған. Абонент саны 410 үй, ГРПШ -345 дана.

Елді мекендерде ауыз су мәселесі толық шешімін тапқан. Электр жүйелеріне қатысты ешқандай мәселе жоқ. Орталық көшелеріне түнгі жарық қойылып, аяқ жол салынған. Ішкі көшелерді жарықтандыру, суағар орнату үшін қаржыландыруға ұсынылды.

Ауылдық округ әкімі аппаратының ғимараты ағымдағы жөндеуден өтіп, Мәдени орта мектебі күрделі жөнделді.

Үшінші тоқсанда өткен кездесуде Сарқырама елді мекен тұрғындары жаңадан құрылысы жүргізілген 11 жеке тұрғын үйге табиғи газ тарту мәселесі бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Сұрақ-жауап форматындағы кездесу барысында тұрғындардың сұрақтарына жауап беріп, көтерген мәселерінің шешілу жолдары мен мерзімдерін түсіндірді.

Аталған мәселелер бойынша заңға сәйкес түсіндіріліп, жауаптары ұсынылып, бақылауға алынды.

 

ПІКІР ЖАЗУ