Төлебиде тау туризмін дамытатын “Қасқасу” жобасы жүзеге асып жатыр

Төлеби – табиғаты мен климаттық мүмкіндіктері туризм саласын дамытуға қолайлы аудан. Өңірде қазіргі таңда 1 шаңғы базасы, 4 емдік-сауықтыру орны, 71 демалыс аймағы, 64 саяжай бар. Аталған демалыс орындарына 2022 жылдың 10 айында 32 мыңнан аса адам келген.

Туризм саласына жылдың соңына дейін 3 млрд 757 млн теңге инвестиция тартылып, 25 жұмыс орны ашылады деп жоспарланып отыр.

Биыл Диханкөл елдімекенінде құны 57 млн теңге болатын «Дихан Тау» саумалмен сауықтыру орталығын іске қосқан. Кешен бір мезгілде 25 отбасын қабылдайды.

Сондай-ақ, Көксәйек ауылдық округінде «Сақ» демалыс аймағының құрылысы жүргізілуде. Қазіргі таңда балық шаруашылығы, тамақтану қызметі және сақ моншасы іске қосылған. Балық шаруашылығында 3 көл бар.

Сонымен қатар, Кемеқалған ауылдық округінде орналасқан «Алма-тау» тау курортында қосымша қонақүй және спорт кешенінің құрылысы жүргізіліп жатыр. Нысан құрылысы биыл аяқталып, пайдалануға берілмек. Жобаның құны – 2 млрд 650 млн теңге.

Ауданда тау туризмін дамыту мақсатында «Қасқасу туристік-рекреациялық кешенінің» жобасын жүзеге асыру мақсатында 2022 жылға инфрақұрылым жүргізу үшін облыстық бюджеттен 1 млрд 50 млн теңге қаржы қарастырылған. Қазіргі таңда жол салу, электр желілерін тарту жұмыстары жүргізіліп жатыр.

ПІКІР ЖАЗУ