Ауыл шаруашылық саласында атқарылып жатқан жұмыстар барысы туралы

Құрметті  Төлеген Тұртайұлы!

Құрметті  әкімдік мәжілісіне қатысушылар!

 

Статистикалық мәліметке сәйкес, 2022 жылдың 10 айында ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 52 млрд 872,4 млн теңгеге жетіп, (өсімдік шаруашылығы 23 901,2 млрд теңге (105,5 %), мал шаруашылығы  28 950,4 млрд теңге (102 %) өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 103,6 пайызды құрады.

Ауыл шаруашылығының негізгі капиталына тартылған инвестиция өсімі меже – 4 млрд теңге, орындалуы – 3 млрд. 202,7 млн. теңге (103,9%), яғни 80 пайызға орындалды.

Тамақ өнімдері өндірісінің негізгі капиталына тартылған инвестициялар көлемі меже 1 млрд 500 млн теңге, орындалуы -446,7 млн. теңге, (36,1 %) яғни 30 пайыз.

Үш жақты келісім шарт бойынша

1 алқаптан 2-3 өнім алу жобасын іске асыру межесі 100 га, орындалуы 100 га, 100 пайызға орындалды (1- өнімнен 1631,4 тонна, 2- өнімде 1387,8 тонна) жалпы 3019,2 тонна өнім алынады.

Жылыжай салу бойынша меже 1 га, орындалғаны 1 га, яғни 100 пайызға орындалды.

Тамшылатып суғару меже 150 га, орындалуы 159 га, яғни 106 пайызға орындалды.

Қарқынды бау егу межесі 120 га, орындалуы 70,3 га, яғни 59 пайызға орындалды.

Ауылшаруашылық техникаларын жаңалау меже 58 бірлік, орындалғаны 61 бірлік, яғни 105 пайызға орындалды.

Мал шаруашылығы бойынша ІҚМ басын импорттау (аналық етті бағыттағы) 300 бас, жұмыстар жүргізілуде.

Аналық ІҚМ тұқымдық түрлендіруге қатысу үлесін арттыру межесі 13000 бас, орындалуы 13000 бас, яғни меже 100 пайызға орындалды.

Фермерлік шаруашылықта қойдың аналық басын несиелендіру жолымен сатып алу межесі 500 бас, орындалуы 950 бас, яғни 190 пайызға орындалды.              

Бұқашықтарды бордақылау алаңдарына өткізу межесі  450 бас, орындалуы 510 бас, 113 пайызға орындалды.

Аудандағы құс етінің қамтамасыз етілуін 25 пайыздан 30 пайызға арттыру межеленген, жұмыстар жүргізілуде. Меже құс басы 313370, орындалғаны 119399 бас, яғни 38 пайыз.

Ауданның жұмыртқамен қамтамасыз етілуін 41 пайыздан                         45 пайызға арттыру межеленген, жұмыстар жүргізілуде. Бүгінгі күнге, 15919,8 мың дана өндірілді. Яғни 104,9 пайызға орындалды. Жыл соңына дейін межені толық орындап шығу жоспарлануда.

Отандық өніммен қамтамасыз ету мақсатында меже ірі 3 инвестициялық жобаларды іске, орындалуы 3 бірлік, яғни 100 пайызға орындалды.

2022 жылға қайта өңдеу тамақ өндірісін ұлғайту межесі 105 пайыз.

 

Аудан әкімінің тапсырмасы:

Суармалы жерлердің жағдайын жақсарту меже 180 га, орындалуы 180 га, яғни 100 пайызға орындалды.

Мал шаруашылығы бойынша (2022 ж. 10 ай) статистикалық мәліметке сәйкес, қыркүйек айында өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда ІҚМ 65,6 мың басты құрап  97,6 % , ұсақ мал 172,7 мың басты құрап 98,5 %, жылқы 36,2 мың басты құрап 131,5 %, түйе 12  басты құрап 100%,  құс 180,7 мың басты құрап 85 пайызды құрады.

2022 жылдың қазан айында өндірілген  ет өткен жылдың кезеңімен салыстырғанда 102,2 % құрап 15,0 мың тонна, сүт 101,8 % құрап 66,0 мың тонна, жұмыртқа 15,9  млн. дана (104,9 %) өндірілді.

«Сыбаға» бағдарламасы бойынша меже 300 бас ірі қара малды тұқымдық түрлендіру, 360 бас ІҚМ алынып, меже 120 пайызға орындалды.

«Алтын асық» бағдарламасы бойынша алынатын ұсақ мал межесі 1450 бас, алынғаны 1450 бас, яғни 100 пайызға орындалды.

«Құлан» бағдарламасы бойынша жылқы алу межесі 145 бас, алынғаны        145 бас, яғни меже 100 пайызға орындалды.

10-15 басқа арналған шағын мал бордақылау алаңдарын ашу бағытында 64 бірлік, нәтижесінде 64 мал бордақылау алаңдары ашылып, меже 100 пайызға орындалды.

Жанұялық сүт өндіру тобын (фермасын) ашу бағытында меже              25 бірлік, орындалғаны 27 бірлік, меже 108 пайызға орындалды.

Шағын құс фермасын салу бағытында меже 14 бірлік, орындалғаны         14 бірлік, меже 100 пайызға орындалды.

ПІКІР ЖАЗУ