Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Түлкібас: Әдеп кодексінің талаптарын сақтау мәселелері кеңінен түсіндірілді

Түркістан облысы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі – Исаев Махсат Шамансурұлы бекітілген кестеге сәйкес, Түлкібас ауданының Тұрар Рысқұлов ауылдық округі әкімшілігінің ғимаратында  Тұрар Рысқұлов, Балықты, Тастұмсық, Мичурин ауылдық округтерінің әкімдері және мемлекеттік қызметкерлерімен бұдан кейін Майлыкент ауылдық округі әкімшілігінің ғимаратында Майлыкент, Ақбиік ауылдық округтерінің әкімдері және мемлекеттік қызметкерлерімен Әдеп кодексі талаптарын сақтау және мемлекеттік қызметшілер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу, «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу» бойынша кездесу-семинар өткізді. Семинар барысында Әдеп жөніндегі уәкіл мемлекеттік қызметкерлерге Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнамаларының және Әдеп кодексінің талаптарын сақтау мәселелері кеңінен түсіндіріліп, сұрақ-жауаппен жалғасты.

Сәйкес жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: Көшелерді түнгі жарықшамдармен қамтамасыз ету 43,4 пайызды құрады

admin

1 қазандағы жағдай бойынша Қазақстан халқының саны белгілі болды

admin

Түркістанда қаржы саласының қызметкерлеріне құрмет көрсетілді

admin