Оқу-әдістемелік семинар өтті
Түркістан облысы, Арыс қаласы адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты №1 Е.Молдабаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің базасында «Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер» тақырыбында оқу-әдістемелік семинар өтілді.
Мақсаты – оқыту мен оқу үдерісінде сабақты тиімді жоспарлау, оқу іс-әрекетін ұйымдастыруда заманауи әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, оқу нәтижелерін түрлендіріп бағалау, оқушының сыни ойлауын дамыту, шығармашылық қабілетін арттыру, мұғалімдердің кәсіби білім, білік деңгейін дамыту, тәлімгерлік іс-тәжірибемен өзара бөлісу.
Оқу-әдістемелік семинар барысында 10 – нан астам тақырыпта ашық сабақтар өткізді. Сабақ өткен мұғалімдердің оқыту мен оқудағы жаңа әдістер қолданғандығы, оқыту үшін бағалау және оқудағы бағалау, оқытудағы ақпараттық-комуникациялық технологиялар, дарынды оқушымен жұмыс, оқушыларды жас ерекшелігіне қарай оқыту бағытында көрсетілген жұмыстары үлкен тәжірибе алмасудың алаңы болғандығы айтылды.
Жаңартылған білім беру бағдарламасының негізгі мақсаты – оқушыларды сындарлы оқытуға үйрету, әлемдік білім кеңістігіне қол жеткізу, инновациялық білім негіздерін терең меңгерту. Тәуелсіздігіміздің тұғырлы болуына, еліміздің дамуына, жеріміздің көркеюіне өз үлестерін қосып жүрген белді азаматтардың барлығы да ауыл мектептерінен білім алып, ауылда тәрбиеленгендер. Қоғамның дамуына байланысты ауылдарымыз да күннен-күнге жаңарып, жақсарып жатыр. Соның бірі – ауыл мектептерінің жағдайы. Ғылым мен технологияның дамыған заманында білім беру саласы да қарқынды дамуда. Қазіргі таңда ауыл мектептері жаңа технология құралдарымен жабдықталып, ұстаздар білім берудің жаңа әдіс-тәсілдері бойынша білімдерін жетілдіру үстінде.