Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Арыста ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті

Арыс қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен Бірінші вокзал маңындағы алаңда ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті. Бұл шара азық-түлік өнімдерінің нарықтағыдан 15-20 пайыз төмен бағада саудаға шығарылуымен қатар, шаруалар қолынан шыққан тауарлардың тұтынушыларға тікелей жеткізілуін қамтамасыз етеді. 

Арыс қаласы әкімі баспасөз қызметінің хабарлауынша,  шараның негізгі ұйымдастырушысы – ауыл шаруашылығы мен кәсіпкерлік бөлімі мамандары. Жәрмеңке азық-түлік өнімдерінің бағасын тұрақтандыруда оң септігін тигізетін шара болып табылады.

Жалпы саны 22 сауда нүктесіне қойылған азық-түлік өнімдері мен ауыл шаруашылығы тауарларының жәрмеңкесіне қала тұрғындары көптеп келді. 

Бұл жолғы жәрмеңкеде ет пен көкөніске және балық өнімдеріне халық тарапынан сұраныс жоғары болды.

Шара барысында қаламызға қарасты барлық ауылдық округ әкімдік аппараттары ауыл шаруашылығы саласын дамытуға қосқан үлестері үшін Түркістан облысы Ауыл шаруашылығы басқармасы басшысы Тұрғанбек Оспановтың арнайы дипломымен марапатталды.

Сәйкес жаңалықтар

Көршілердің арасындағы екі жылға жуықтаған дау сот медиациясы тәртібімен реттелді

admin

Түлкібас ауданында 600-ге жуық балаға мектепке жол акциясы аясында қолдау көрсетілді

admin

Алматы маңындағы ауыл тұрғындары қоқыс полигонынан шыққан түтінге тұншығып отыр

admin