Дөңгелек үстел өткізілді

10.11.2022ж. Абай атындағы мектеп-лицей базасында Түлкібас ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің әдістемелік кабинетінің жоспарына сәйкес,  М.Әуезовтың 125 жылдығына орай 8-10 сынып оқушылары  арасында аудандық «М. Әуезов – табиғат пен кейіпкерді байланыстырып суреттеудің хас шебері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Мақсаты: 8-10 сынып оқушылары арасында олардың жас ерекшеліктеріне байланысты тапсырмалар бере отырып, ұлы жазушының әлемдік мәдениетке қосқан үлесі туралы әртүрлі жанрдағы (әңгіме, повест,  драматургия (пьеса), салалары) еңбектеріне талдау жүргізу.

 «Табиғатпен тілдескен  Әуезов» атты айдарда жазушының белгілі әңгімелері  талданды. «Кім кінәлі?» әңгімесіндегі табиғат пен адам үндестігін  Абай ат.МЛ, «Майлыкент»  ЖОМ оқушылары баяндау желісімен талдаса, «Қараш-қараш оқиғасы» әңгімесіндегі әсерлі табиғат суретін А. Пушкин ат. АТМЛ, Б.Садықов ат. ЖОМ оқушылары анимациялық бейнелермен шебер талдау жүргізді. М.Әуезовтің “Қилы заман» повесіндегі пейзаждың рөлін М. Ломоносов ат. МГ, «Жанкент» ЖОМ оқушылары сұрақ-жауап арқылы аша алды. «Барымта» әңгімесіндегі әсерлі табиғат суретін «Алғабас-1» ШЖЖОМ, А. Асқаров ат. ЖОМ оқушылары композициялық талдауды «Суреттер сөйлейді» әдісі арқылы түсіндіріп берді. М.Әуезовтің   «Жетім» әңгімесіндегі табиғат суреттерін Б.Момышұлы атындағы ЖОМ, Т. Рысқұлов ат. ЖОМ оқушылары «ПОПС»  формуласын тиімді пайдаланып, асқан шеберлікпен талдады. «Көксерек» повесіндегі табиғат пен адам, олардың арасындағы үйлесімділік пен қарама-қайшылықты  «Дауан»  ЖОМ,Т.Иманбеков ат.  ЖОМ оқушылары презентация мен кино үзінділерін негізге ала отырып, дәлелдеп берді.  Осындай танымдық  керемет шығармаларымен сусындап өскен  оқушылардың бойынан ұлт тағдырына деген ерекше көзқарасты аңғаруға болады. Осы шараға қатысқан ұстаздар мен оқушыларға  көтеріңкі көңіл сыйлап, жақсы әсер қалдырды.  Іс- шараны тамашалаған мұғалімдер барлық қатысқан оқушыларға өз алғыстарын білдірді.

  “Әлем таныған Әуезов” тақырыбында өткізілген іс-шараның қорытындылау бөлімінде  сөз алған Түлкібас ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің  әдіскері Г. Оразбаева дөңгелек үстелге белсене қатысқан оқушыларды түрлі номинациялармен марапатталатыны туралы  және заңғар жазушының мерейтойына арналған осындай іс-шаралар өз жалғасын таба бермек деп сөзін қорытындылады.

ПІКІР ЖАЗУ