Тозығы жеткен электр жүйелері жаңартылып, түнгі жарық орнатылды

Төлеби ауданы тұрғындарымен кезекті кездесу Зертас ауылдық округінде өтті. Үшінші тоқсанда өткен кездесуде округ халқы 4 мәселе көтеріп, ол бойынша жұмыстар жүргізілуде. Округ аумағына 2 елді мекен кіреді, автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 35,15 шақырым. Елді мекеннің ішкі көшелерінің қанағаттанарлық жағдайы 75,5 пайызды құрайды. Зертас елді мекеніндегі Жаңақұрылыс 2, 3 көшелеріндегі тас төсеу, труба орнату, асфальт төсеу жұмыстары аяқталды. Қ.Сәтпаев көшесіне ағымдағы жөндеу жүргізілуде, нысан құрылысы 2023 жылға өтпелі. Зертас көшесіне тас төселді.

Округ табиғи газбен толық қамтылған, абонент саны 851, ГРПШ саны 626 дана.

Зертас елді мекенінің 64,0 шақырымының ауыз су құбыры толық жаңартылып, 2 дана резервуар, 383 дана су құдығы қойылды. Жаңакүш елді мекенінің ауыз су құбырының құрылысын жүргізу үшін жоба-сметалық құжаттары әзірленіп, қаржыланыруға ұсынылды.

2022 жылы «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС өз меншігіндегі тозығы жеткен Жамбыл көшесіндегі электр жүйелері ауыстырылып, Еламан-Сауран көшесінде электр желілері мен бағаналарын ауыстыру жұмыстары жүргізілуде. Жаңакүш елді мекеніндегі Жаңакүш көшесіне түнгі жарық орнатылып, Зертас елді мекеніне спорт алаңшасы қойылды.

Зертас елді мекеніндегі Шомшақты орта мектебіне 150 орындықты оқу блогы, асхана, шеберхана, спорт зал және әкімшілік бөлмелерінің құрылысына қаржы қаралды. Мемлекеттік жекеменшік әріптестік аясында фельдшерлік-акушерлік пункт құрылысы жүргізіледі.

Сұрақ –жауап форматындағы кездесуде тұрғындардың өтініштерін тыңдап, ұсыныс-пікірлерін назарға алып, сұрақтарына жауап берді. Халықты толғандыратын әлеуметтік мәселелерге баса назар аудара отырып, Қазақстанды жаңғыртудың жаңа бағдарының негізгі бағыттары туралы хабардар етіп, проблемалық мәселелерді шешудің жолдары мен мерзімдерін түсіндірді.

 

ПІКІР ЖАЗУ