Ардагер спортшының құрметіне бокстан облыстық ашық турнир бастау алды

Алатау мен Қаратаудың тоғысқан жерінде орын тепкен қасиетті Түлкібас ауданынан халқына қалаулы, еліне елеулі көптеген азаматтар дүниеге келген. Бүгін міне сол азаматтардың ішінде ойып орын алатын Қазақстан Республикасының «Құрметті спорт қайраткері» бокстан СССР ІІБ бірнеше дүркін чемпионы, КСРО-ның спорт шебері Кенебаев Шамдаулет Абжаппарұлының 85 жас мерейтойына орай Шақпақ баба ауылының БЖСМ-де 2010-2011 жылдары туылған жасөспірімдер арасында бокстан облыстық турнир бастау алды.

Екі күнге жоспарланған турнирге Жамбыл обылысының Тараз қаласы мен Жуалы ауданының және Түркістан облысының аудан қалаларынан жалпы 9 команда қатысып өзара мықтыларды анықтамақ.

Турнирдің ашылу салтанатында сөз алған аудан әкімі Нұрлан Байғұт, «Спорт – әр елдің даңқын шығарып, байрағын биіктететін айтулы бәсеке. Қазақстан – әлемде саяси тұрақты, экономикасы өркендеген іргелі ел ғана емес, халықаралық спорттағы табыстарымен және талантты спортшыларымен танылған мемлекет. Міне осы сөздердің дәлелі ретінде Шамдаулет Абжаппарұлы ағамызды алсақ қателеспейміз. Өйткені ағамыздың ерен еңбегінің арқасында еліміздің атақ данқын республикаға, азия және дүние жүзіне жаңғыртқан чемпиондарды тәрбиелеп, өсірген. Сонымен қатар, Ел спортының нағыз жанашыры ретінде 1980-2008 жылдары аралығында аудандық Шақпақ-баба балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде директор қызметін атқарып, 1991 жылы барлық спорт мектептері жабылған шақта, осы спорт мектебін жапқызбай мемлекеттік мекеме ретінде алып қалуға орасан зор жұмыс жасағаның айта келе, Шамдаулет Абжаппарұлы ағамызды мерейлі жасымен құттықтап, ауданның спортын дамытуға өлшеусіз үлес қосқаны үшін аудан әкімінің құттықтау хатымен марапаттап, игі дәстүрімізге сай иығына шапан жапты. Сондай-ақ, турнирге арнайы қатысқан Шамдаулет ағамыздың туған туыстары ыстық лебіздерін білдіріп, құттықтауларын жеткізді.

Түлкібас ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

ПІКІР ЖАЗУ