Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
ЖаңалықтарҚоғам

Талдықорған көшелерін су басты

Қардың еруінің салдарынан облыс орталығындағы бірнеше көшені су басқан. Бүгінде тазарту жұмыстары жүріп жатыр.

Талдықорған қаласының шеткері аудандарында қардың еру жылдамдығы тез жүріп жатыр. Кейбір тұрғындар үй ауласында жүретін жолдардың қар суының астында қалғанын айтуда. Балалары сабаққа барарда сол суды кешіп өтеді екен. Мәселен, Абубакиров көшесіндегі бірнеше үйдің маңайында жүріп өтетін жол жоқ.

Екі-үш күнде кеуіп кететін шығар. Бірақ ары-бері жүргенде аяғымыз малмандай су болады. Мен осындағы жауапты мамандарға ескерткен едім. Себебі біздің үй сайда орналасқан. Оны бәрі біледі. Былтырда осындай жағдай болған, онда өзіміз қарағай қойып сыртқа шығып жүрдік. Қазір техника дамыған, бәрінің алдын алуға болар еді. Қар аралас жаңбыр толассыз жауғанда, осындағы тұрғындар әбігерге түседі. Наурыз жаңбырлы ай, соның бәрін ескеруге болады ғой. Енді балалар мектепке барарда қиналатын болды, дейді қала тұрғыны Айсұлу Бектемірова.

Аталған мәселе бойынша жауапты мамандар қызмет көрсетуге кірісті. Қаланың басқа да қауіпті аймақтарына арнайы техника жіберілді.

«Талдықорған қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімі» Instagram әлеуметтік желісіндегі жарияланымдарды қарап, төмендегі ақпаратты таратты.

Қардың еруі салдарынан Абубакиров көшесі бойына су жиналуы оқиғасы орын алды. Аталған мәселені жедел шешу үшін, жоғарыдағы мекен-жай бойынша «Талдыкорған Коркейту» ЖШС-нің 4 жұмысшысы мен 1 мотопомпа және 1 арнайы техника жұмыс істеді. Бүгінде су басу қаупі сейілді. Жалпы жағдай тұрақты және қатаң бақылауда болады, делінген хабарламада.

Айта кетейік, облыс орталығында су басу қаупі бар елді мекендер толықтай бақылауға алынған.

Сәйкес жаңалықтар

В области Абай стартует летняя кампания по организации детского отдыха

admin

Түркістан облысы полициясы Келес ауданы тұрғынынан марихуана тәркіледі

admin

Қазақстанда Қаңтар оқиғасына байланысты 700-ден астам адам сотталды

admin