Түркістан қаласының әкімі Яссы секторында халықпен кездесуі

 

Түркістан қаласының аумағы 22,4 мың гектар аумақта орналасқан.                      2022 жылдың 1 тамыз айына халық саны 194 774 адамды құрап, өткен  жылмен салыстырғанда 3,6% артқан (2021 жылы – 187 998). Оның ішінде, Яссы секторының аумағы 2,7 мың гектарда 42 658 адам бар.

         Жалпы жыл басынан бері секторда 3 кездесу өткізіліп 93 мәселе көтерілген болатын. Атап айтсақ:

–  64 орындалды (8 жол мен көлік саласы, 11 инфрақұрылым, 26 абаттандыру мен тазалық мәселесі, қоғамдық көлік 6 және 13 басқа да мәселелер);

– 11 жұмыс жүргізілуде;

–  25 заңға сәкес түсіндірілді.

Еңбек бағдарламасы аясында ағымдағы жылы Түркістан қаласы бойынша 8 165 адам жұмыспен қамтылды.

Сонымен қатар, Яссы секторы бойынша 536 отбасыға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып, ай сайын төленуде, 442 балаға азық-түлік және тұрмыстық химия жиынтықтары берілуде.

66 тыл еңбеккелеріне 30 000 теңге төленді, 544 мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолдау көрсетілуде (143,7 млн.теңге бағытталды).

Одан бөлек, қалада әлеуметтік қызмет көрсету орталығы ашылды. Аталған орталық 3 бағытта жұмыс атқаруда.

– тең қоғам;

–  белсенді ұзақ өмір;

– әлеуметтік психологиялық сүйемелдеу.

Ағымдағы жылы Түркістан қаласына 295,4 млрд. теңге инвестиция тарту жоспарланса, 10 айында 204 млрд.теңгеге итнвестиция тартылды.

         Қазіргі уақытта «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында  217,8 мың ш.м. құрайтын 3392 пәтерлі (2683 пәтер несиемен, 709 пәтер кезекпен) 53 көп қабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде.

2022 жылдың 10 айында 200,9 мың шаршы метр құрайтын 3 152 пәтерлі 49 тұрғын үй берілген.

Бүгінгі таңға 14 839 адам тұрғын үй кезегінде тұрса, жыл соңына дейін тұрғын үй кезегіндегі әлсіз топ және көп балалы отбасыларға 709 пәтермен қамтылып, нәтижесінде кезекте тұрғандар саны  14 130 құрайды.

Одан бөлек, жалпы қалада көпқабатты үйлер саны – 123

46 – Күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде 

54 – Күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген

23 – Күрделі жөндеуді қажет етеді

Оның ішінде, Яссы секторында 19 көпқабатты тұрғын үй болса, 18 күрделі жұмыстары жүргізілген, 1 тұрғын үйдің жөндеу жұмыстары 2023 жылға жоспарланған.

Түркістан қаласындағы жалпы – 33 мемлекеттік26 жеке мектеп ұйымдары бар, оқушылар саны – 50 841. Оның ішінде, Яссы секторында  9 710 баланы құрайтын 5 мектеп орналасқан.

2 ауысымда 30  мектеп болса, 3 ауысымда 4 мектепте оқиды (Қазыбек би атындағы №14 ЖОМ, М.Жұмабаев атындағы №15 ЖОМ, Изатуллаев атындағы ЖОМ, №23 ЖОМ)

аусымға өту қауіпі бар мектептер (Хамза №2 мектебі орын тапшылығы 183,  Ж.Жабаев №11 орын тапшылығы 151, Н.Төреқұлов №8 мектебі орын тапшылығы 520.)

2022 жылы – 2 мектеп күрделі жөндеуден өтті (Төле би №19 және М.Пошанов №21).

Алдағы уақытта қала аумағында 11 мектептің құрылысы жоспарлануда (2 мектеп РБ есесбінен, 9 мектеп Жайлы мектеп бағдарламасы аясында), оның ішінден Яссы секторында 1200 және 900 орынды құрайтын 2 мектеп құрылыс жоспарланған.

Түркістан қаласын газдандыру жұмыстары қарқынды түрде жүргізіліп,                 39 937 абонент (1877-сі қосылмаған) газбен жабдықтау желілеріне қосылды.

Бүгінгі күні көгілдір отынды 38-060 абонент (дербес шот ашылғаны – 31 240, техгикалық атқарушы құжат рәсімделуде – 3 266, құжаттар рәсімделуде – 3 554) немесе қала тұрғындардың  91,1% дербес шот ашып пайдалануда.

Оның ішінде, Яссы секторы бойынеша 6 982 абонент болса 6 142 абонент газ пайдалануда.

Табиғи газбен қамтылмаған көпқабатты тұрғын үйлер 57 (ағаш үй) құраса, Яссы секторында 19 үй (табиғи газ пайдалануда- 11, үйді газдандыру бойынша жұмыстары жүргізілуде-8).

Тұрғын үйлерді табиғи газға қосу «ҚАЗТРАНСГАЗ» АҚ-ның талабы бойынша коксиалды түтін шығатын мұржа орнату қажет. Қазіргі таңда 1 үйге коксиалды мұржа орнатылып, қысымдау жұмыстары жүргізілуде.

Түркістан қаласының аумағында 39 937 электр абонент бар болса, олардың тек 33 937 абоненттері сапалы электр қуатымен қамтылған. Оның орташа сағат тұтыну мөлшері – 48,8 МВт/сағ.

Яссы секторында 2 нысанның құрылысы аяқталып, 4 мыңға жуық адам сапалы электрмен қамтамасыз етілді. Одан басқа, 3 нысанның құрылысы жүргізілуде (7 мың абонент).

Сонымен қатар, алдыңғы кездесулерде 4 мәселе көтеріліп, нәтижесінде 4 трансформатор орнатылды.

Бұл өз кезегінде қала тұрғындарды сапалы электрмен қамтуды 98,5%-дан 99% жеткізеді.

Түркістан қаласында 38 220 абонент ішінде ауыз сумен 37 655 абонент немесе 98,5% қамтамасыз етілген. Су алу көздері Біресек (1590 м3/сағ) және   Мырғалымсай (3 200 м3/сағ).

2022 жылдың қыркүйек айында Сарқырама көшесіне ауыз су мәселесі көтеріліп, толығымен шешімін тапты.

Орталықтандырылған кәріз жүйесімен 32,2% немесе қаланың 12 297 абоненті қамтылған.

Яссы секторында 2022 жылы 2 нысанның (Тұран 2 кезек, Яссы-Ыждыхат) құрылысы жүргізіліп, 2023 жылы аяқтау жоспарлануда.

Сонымен қатар, ағымдағы жылы Яссы секторында Бокин көшесі бойындағы көп қабатты тұрғын үйлердің алдында абаттандыру жұмыстары жүргізілуде, Сақ қорған көшесінде ойын алаңшасы салынды, Тұран саябағы көгалдандырылды, Шатқал шығармашылық саябағы көгаплдандырылды.

 

ПІКІР ЖАЗУ