«Зорлық зомбылықсыз 16 күн!» Республикалық акциясы басталады

Түркістан облысы ПД-нің 2022 жылға арналған негізгі ұйымдастырушылық іс-шаралар жоспарының 2.6-тармағына сәйкес, Қазақстан аумағында әйелдерге қатысты әртүрлі дискриминация түрлерін жою туралы конвенцияға (Қазақстан Республикасы 1998 жылғы 29 шілдеде ратификацияланған) сәйкес жыл сайын Республика аумағында ағымдағы жылдың 25 қараша мен 10 желтоқсаны аралығында «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты бірлесіп тоқтатайық!» ұранымен «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясы өту аралығында, әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық көрсетуді жою күні аталып өтеді.

Түркістан облысының полицейлері гендерлік саясатты нығайту, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, болдырмау, әйелдердің құқығын қорғау мақсатында басқа да тиісті мекемелермен бірлесіп, жұмыстар атқаруда. «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу туралы» заңның негізгі ережелерін түсіндіру бойынша ішкі істер органдарының өкілдерінің жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында түсіндіріп өтеді.

Кәсіпорындарда, ұйымдарда және оқу орындарында әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық мәселелерді қараумен қоғамдық іс-шаралар пандемия кезіндегі сақтық шараларын қолдана отырып, брифингтер, дөңгелек үстелдер ұйымдастырылады. Тұрмыстық құқық бұзушылық жасауға бейім, сондай-ақ қолайсыз отбасы адамдарын тұрғылықты жерлері бойынша толық тексеру қамтамасыз етіледі. Қорғау ұйғарымдары шығарылған немесе мінез-құлқына ерекше талап қойылған адамдардың тәртіпті сақтауларына ерекше назар аударылады.

Қазақстан Республикасында Гендерлік теңдік стратегиясын іске асыру мақсатында, әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау құрылымдарымен қызметін жақсарту және жетілдіру мақсатында, ана мен баланы қорғауға, қоғамдағы отбасы рөлін күшейту мақсатында Төлеби аудандық ПБ-нің әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі аға инспекторы Ақмарал Боташева учаскелік полиция инспекторларымен бірлесіп, «қолайсыз отбасы» профилактикалық есепте тұратын отбасыларды аралап, түсіндірме жұмыстарын жүргізеді. Сондай-ақ аудан аумағында орналасқан білім мекемелерінде оқушылармен кездесу ұйымдастырылады.

Қазақстан Республикасы заңдарымен кепілдік беретін әйелдердің конституциялық құқықтары және отбасында кездесіп тұратын әйелдер мен балалар мәселелерін реттейтін заңдылықтардың бұзылуына жол бермеуге, қоғамдық өнегелігі мен тұрмыс қажеттілігіне байланысты құқықтық актілердің мөлшерінің талаптарын түсіндіру ақпараттық-насихаттау, отбасы салтының құндылықтарын дәріптеу және халықтың имандылық мәдениетін жаңарту, жастарға үлгі-өнеге көрсету, оларға дұрыс бағыт-бағдар, тәрбиелік мәні бар кеңестер беріледі.

Алдағы күндері жалғасын табатын бұл акцияда тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына тегін құқықтық, психологиялық көмек көрсету, ауыл-аймақтардағы жастар мен әйелдерді цифрлық білім алу, гендерелік теңдік мәселелері бойынша дөңгелек үстелдер, семинар-тренингтер өткізу жоспарланып отыр.

Егер Сіз тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшырасаңыз, не болмаса туысыңыздың, құрбыңыздың, көршіңіздің отбасындағы зорлық-зомбылыққа ұшырағанына куә болсаңыз, жағдайды өзгерту үшін мына телефондарға қоңырау шалуға болады:

Байланыс телефондар: Төлеби АПБ «Сенім» телефоны 6-16-02 немесе 102 нөмірлеріне,

Төлеби АПБ-нің ЖПҚБ әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының аға инспекторы полиция капитаны Боташева Ақмарал Амантайқызы, тел.: 8-701-560-62-01

Әлеуметтік психологиялық сүйемелдеу қызмет секторы – 8-707-552-05-42 нөмірлеріне хабарласа аласыз.

 

ПІКІР ЖАЗУ