Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Төлеби – ет пен мақсары өндіруден, жылқы шаруашылығын дамытудан үздік аудан

Төлеби ауданы жыл қорытындысымен, ауыл шаруашылылық саласы бойынша 17 аудан арасында «Ет өндіруден», «Жылқы шаруашылығын дамытудан», «Мақсары өндіруден» озат аудан атанды.

«ALTYN KÚZ — 2022» мерекесі Түркістан қаласында өтті. Алдымен ауыл шаруашылығы саласы техникалары мен өнімдерінің көрмесі жұртшылық назарына ұсынылды. Ауыл шаруашылық саласында үздік атанғандарды облыс әкімі Дархан Амангелдіұлы Сатыбалды құттықтап, жыл көлемінде атқарылған еңбек көрсеткіштері үшін алғысын жеткізді.

Төлеби ауданы — аграрлы аймақ. Таулы ауылдарда көктем кеш шығып, күз ерте түседі. Табиғи мүмкіндіктеріне орай, климаты ауыл шаруашылығын дамытуға қолайлы. Сөзіміздің дәлелі ауылшаруашылық саласының өнім көлемі 2022 жылдың 10 айында 52 млрд 872 млн теңге болып, нақты көлем индексі 103,6 пайызды құрады. Оның ішінде: мал шаруашылығында 28,9 млрд теңге, егін шаруашылығында 23,9 млрд теңге.

Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Сәйкес жаңалықтар

Мемлекет басшысының халыққа үндейтін Жолдаулары маңызды құжат саналады

admin

Келес ауданында 42 құрылыс нысанының заңдылығы анықталуда

admin

Шымкентте соңғы 5 жылда

admin