Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Кентау: бақылау барысында бірқатар қателіктер анықталды

Қазіргі уақытта Кентау қаласының жер асты суларының деңгейін төмендету мақсатында «Қосқорған су қоймасын одан әрі толықтыра отырып, Кентау қаласында су төмендету жүйесін салу»  II – кезеңнен тұратын жобасын іске асыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Жұмыс барысын бақылаған қала әкімі Рашид Аюпов ішкі істер бөлімімен бірге бірқатар өрескел қателіктерді анықтады. Ұңғыма қазу жұмысымен айналысушы мердігер мекеме «Қаратас Майнинг» ЖШС жұмыс кезінде қаладағы саябақ ішінде тиым салынған жасыл аймақтар қазылып, кей жерлердегі жол бойына қойылған бордюрлер бұзылған.

Бұл бойынша ескерту жасалынды. Алдағы уақытта тамғы да осындай қателіктер орын алатын болса, белгіленген мөлшерде айыппұл салынатыны ескертілді. Бұл бойынша қала басшысы ішкі істер бөліміне қадағалауға алуды тапсырды.

Айта кетейік, қазіргі уақытта  11 ұңғыманың 8 ұңғымасы бұрғыланып, толығымен отырғызылған. Су бұру бойынша 5,5 шақырымның 3,5 шақырымын монтаждау жұмыстары жүргізілді. Ұңғыма сорғылары үшін 7 қосалқы электр тарату пункті орнатылып, монтаждау жұмыстары жүргізілуде.

Кентау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Сәйкес жаңалықтар

Түркістан облысында алғашқы бәйшешек бүр жарды

admin

«My Freighter» (Centrum Air) өзбек әуе компаниясы Қазақстанға ұша бастайды

admin

Изменения в законе- требование времени

admin