Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Кентау қаласының туристік нысандарында тазалық акциясы жүргізілуде

Қазақстан Республикасы Премьер – Министрінің орынбасары Е.Л.Тоғжановтың төрағалығымен өткен демалыс орындарының қызметін қамтамасыз етудің кейбір мәселелері жөніндегі кеңесте берілген тапсырмасына сәйкес, өңірлердегі туристік орындардың тазалығын жүргізуді қамтамасыз ету тапсырылған болатын.

Осыған орай, Кентау қаласына қарасты Хантағы ауылында орналасқан «Қаратау мемлекеттік табиғи қорығы»,  Қарнақ ауылының тарихи ескерткіштерінің бірі «Шаммат-Ишан» мұражайы,  Мың жылдық тарихы бар «Тұт ағашы»,  «Кентау қалалық музейі» сияқты туристік орындарда әр дүйсенбі санитарлық-тазалық күні болып бекітілді.

Туристік нысандардың қызметкерлерімен бірге туристік нысан аумағына тазалық акциясы ұйымдастырылды.  Акцияның мақсаты — жергілікті тұрғындарға ой тастай отырып, жастарды табиғатты қорғауға шақыру.

Кентау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Сәйкес жаңалықтар

Қазақстан америкалық инвесторларға креативті нарықты таныстырды

admin

Тұрғын үйді жөндеуге бөлінген 60 млн теңге қаржы талан-таражға түсті

admin

Түркістан қаласы әкімінің Сауран секторында халықпен кездесуі

admin