Өнім көлемін арттыруда жаңа технологияны пайдаланудың маңызы зор

Жалпы 8038,9 гектар егістік жер көлемі бар Жолдасбай Ералиев Ауылдық Округінің шаруалары биылғы жылы 3380,6 гектарна шитті мақта тұқымын сепсе, 409 гектарға көкөніс, 3258,2 гектарға бақша дақылын еккен. Шаруалардың алқаптардан ойдағыдай өнім алуларына өзара тәжірибе алмасып, аудан басшыларының бастамасымен семинарлар өткізуі оң ықпалын тигізіп отыр.

Округтегі оңды істерге өзіндік үлесін қосып, ауыл шаруашылығы саласындағы заманауи технологияларды алғашқылардың бірі болып қолданысқа енгізетін «Нұралы жол – Ж» шаруа қожалығының 500 гектарға жуық жері бар. Биыл қожалық 180 гектарға мақта, 277 гектарға бақша дақылдарын, 30 гектарға жоңышқа және 10 гектарға дәндік жүгері еккен. 60-қа тарта адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр.

Қожалық төрағасы Ербол Ералиевтің айтуынша ағын суды үнемдеп, мол өнім алуда, егістікке жұмсалатын шығын көлемін азайтуда жаңа технологияны қолданудың маңызы зор.

«Лазерлі тегістегіш тәсілін қолданған соңғы 3 жылда жер айдауды тоқтатқанбыз. Жерді тегістеп, 2-3 мәрте алатын жазғы суымызды да бір-ақ рет аламыз.

Қысқы сор шаю жұмыстарын жүргізу кезінде жерді 70-80 см дейін терең қопсытып, биіктігін 10-15 см су қоямыз. Бұған дейін қысқы сор шаю жұмыстары кезінде гектарына 8 текше метрге дейін ағын су алып келсек, қазір гектарына 3,5-4 текше метр ғана су пайдаланамыз. Мұндай әдісті 7-8 жылда бір қолдану керек. Бұл технология тек ағын суды үнемдеп қана қоймай мол өнім алуға да оң септігін тигізеді» дейді «Нұралы жол – Ж» шаруа қожалығының төрағасы Ербол Ералиев.

Жетісай ауданы бойынша 79 мыңнан астам егістік алқаптарға ауыл шаруашылығы дақылдары егіледі.

Биылғы жылы 49,5 мың гектар алқапқа мақта, 3,2 мың гектарға көкініс, 15,2 мың га бақша дақылдары, 451 га күіріш, 10,5 мың гектар мал азықтық дақылдары егілген.

Сала мамандарының мәліметі бойынша биылғы жылы Жетісай Ауданы бойынша жалпы 79,3 мың гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары егілген болса, оның ішінде мақта 49,5 мың гектар алқапқа мақта, 3,2 мың гектарға көкініс, 15,2 мың га бақша дақылдары, 451 га күіріш, 10,5 мың гектар мал азықтық дақылдары егілген. Өңірде отандық және Түркия, Өзбекстан мен Қытай елдерінен тасымалданған 1626,3 тонна шит дайындалған. Өнімділік деңгейін арттыру үшін зиянкестермен күрес шаралары мен жаппай суғару жұмыстарына арнайы бірнеше семинар-жиындар жүргізілген.

ПІКІР ЖАЗУ