Қалалық білім саласы инновациялық даму бағытында
Білім саласында елеулі жаңалықтар аз емес. Осы тұрғыда «еліміздің рухани астанасының мектептерінде нендей жаңалықтар бар? Білім беру саласының ахуалы қандай?» деген сауалдардың төңірегінде Түркістан қаласы адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы Оразкүл Шайхықызы Қолдасовамен арадағы сұхбатты назарыңызға ұсынамыз.
– Оразкүл Шайхықызы, «Білімді ұлт: терең білім, еңбекқорлық және отаншылдық қасиет» тақырыбындағы педагог қызметкерлердің Тамыз кеңесіндегі 2021-2022 оқу жылында атқарған жұмыстары және жаңа оқу жылына әзірліктеріңізді білсек.
– ХХІ ғасыр – білім мен ғылымның ғасыры екендігін жақсы білеміз. Бұл ғасырда сапалы білім алып, ғылымның тереңіне үңілген білікті мамандар жаһандану заманында бәсекеге төтеп бере алады. Болашақта ұлттың табысты болуы оның табиғи байлығымен емес, адамдардың бәсекелестік қабілетімен айқындалады. Сондықтан, әрбір қазақстандық, сол арқылы тұтас ұлт ХХІ ғасырға лайықты қасиеттерге ие болуы керек.
Міне, тағы бір оқу жылын артқа тастап, жаңа оқу жылын да бастаудың алдында тұрмыз. «Білім күні» жақындаған сайын біздің жауапкершілігіміз де күшейе түсетіні анық. Мұндағы басты мәселе – мектептердің жаңа оқу жылына дайындығы. Бүгінгі мүмкіндікті пайдалана отырып, өз баяндамамда осы білім мекемелерімен өткен оқу жылында атқарылған шаралар мен алдағы жоспарлар және міндеттер туралы баяндауды жөн санап отырмын.
Бұл күнде қаламызда білім беру жүйесін дамытуға көп көңіл бөлініп отыр. Жалпы білім мекемелерін қаржыландыруға 2022-2023 оқу жылында 23 млрд. 993 млн. 56 мың теңге қаржы қаралған. Оның 10 млрд. 640 млн. 157 мың теңгесі айлық жалақыға, 677 млн. 984 мың теңгесі мектептердің материалдық техникалық базасын нығайтуға, 6 млрд. 590 млн. 92 мың теңге мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырмасын іске асыруға бағытталды. Мұның бәрі де мемлекеттің балалар болашағына жасап отырған қамқорлығы екендігі даусыз.
Қазіргі таңда Түркістан қаласының адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты бастауыш және жалпы орта білім беретін 51 күндізгі мектеп (оның ішінде 32 жалпы орта мектеп, 1 мектеп-балабақша кешені), 1 кешкі мектеп. 3 мектеп ыңғайластырылған ғимаратта орналасқан (Әмір Темір, Әл Фараби, Кешкі мектеп), 19 жекеменшік мектеп жұмысын жүргізуде. 110 мектепке дейінгі білім беру ұйымдары (21 мемлекеттік, 87 жекеменшік, 2 шағын орталық), 7 қосымша білім беру ұйымдары жұмыс атқарады.
Барлық білім ошақтарының ғимаратында түгелдей ішкі әжетхана бар. Сондай-ақ, мектептер мен балабақшалар көгілдір отынмен жылытылады. Оның ішінде, «Гүлдер» және «Күншуақ» балабақшалары биылғы жылу маусымынан бастап орталықтандырылған газ жүйесіне қосылуға дайын.
Жалпы, Түркістан қаласында 34 мемлекеттік, 19 жекеменшік мектеп (сонымен қатар, 7 қосымша білім беру мекемелері) жұмыс жүргізуде). 34 мемлекеттік мектептің ішінде 21 жалпы орта мектеп, 5 мектеп-гимназия, 3 мектеп-лицей, 2 ІТ мектеп-лицей, 1 мектеп-интернат, 1 мектеп-балабақша кешені және 1 кешкі мектеп бар. Аталған мектептердің 15-і қазақ тілінде, 12-сі қазақ-өзбек тілінде, 5-і қазақ орыс тілінде, 2-і қазақ-өзбек-орыс тілдерінде оқытылады.
– Мектептер түгелдей дидактикалық оқу құралдарымен қамтылды ма?
– 2022-2023 оқу жылына жалпы 237905 дана оқулықтар алынып отыр. Оның ішінен 2-сыныптың оқулықтары толық, оқулықтарды қайта басып шығару кестесіне сәйкес, 7-сынып үшін «Физика», «Химия», «Биология» қостілді оқулықтары және 5-11 сыныптар үшін «Абайтану» оқулықтары, инклюзивті сыныптардың 8-9 сыныптарына арналған 121617 дан оқулықтар мен оқу әдістемелік кешендер алынды. Сонымен қатар, оқушылар санының өсуін ескере отырып, (1,3,4,5,6,7,8,9,10,11 сыныптардың) 116288 дана жетіспейтін және ескі оқулықтар жаңартылды.
2021-2022 оқу жылын білім беру ұйымдарында жалпы саны 48697 оқушымен аяқтадық. Оның ішінде 21623 оқушы 1-4 сыныптарда, 21479 оқушы 5-9 сыныптарда, 5595 оқушы 10-11 сыныптарда оқытылды. Сонымен қатар, мектепке дейінгі ұйымдарда 14440 бала тәрбиеленсе, бұл кезекте тұрған балалардың 95% құрайды. Мектептен тыс мекемелерде 4556 оқушы түрлі үйірмелерге қатысты.
Жыл қорытындысы бойынша 3896 оқушы 9-сыныпты, 2286 оқушы 11-сыныпты бітірді. Бітірушілерді қорытынды аттестаттау 2022 жылдың 27 мамыр-10 маусым аралығында жүргізілді. Бітірушілердің ішінде 117 оқушы «Алтын белгі», 106 оқушы «Үздік аттестат» иегері атанды. 11-сыныпты бітірген 1467 мектеп бітіруші Ұлттық бірыңғай тестілеуге өтініш білдіріп, олардың барлығы тестілеуден өтті. ҰБТ онлайн форматта, яғни электронды түрде өткізіліп, түлектер 6 мамыр – 4 шілде аралығында 4 рет тапсыруға мүмкіндік алды. Тестілеудің нәтижесінде қала бойынша түлектеріміздің орташа балл 79,7 баллды құрады. ЖОО-ға түскен бітіруші түлектердің 54% грантқа түскен.
Айта кетерлігі, 1 оқушымыз яғни, Ж.Тәшенов атындағы №23 IT мектеп-лицейінің оқушысы Әйгерім Нұрлыбек ең жоғары мүмкін болған 140 баллдан 138 балл жинады. Сондай-ақ, Төлеби атындағы №19 жалпы орта мектебінің түлегі Бақжан Мақсұтұлы 137 балл, М.Әбенова атындағы жалпы орта мектебінің Ерсұлтан Ерікұлы 134 балл, Т.Бигелдинов жалпы орта мектебінің Нұрайым Ергешбай – 134 балл жинағанын мақтанышпен айта аламыз.
Өткен оқу жылының тағы бір ерекшелігі – мектептерде «Жазғы мектептердің» ұйымдастырылуы болды. Оны ұйымдастырудағы мақсат – білім беру сапасын арттыру, білім алушылардың біліміндегі олқылықтарды қалпына келтіру және білімін толықтыру. 2022 жылдың 26 мамыр – 17 маусым аралығында жүргізілген «Жазғы мектепте» оқуға ата-аналардың өтініші негізінде 30 мектепте ұйымдастырылып жалпы 12574 оқушы қамтылды.
– Соңғы жылдары мұғалімдердің дәрежелері де айлық жалақылары да өсті. Соған байланыстыы талап та күшейтіліп, сапалық құрамы жақсарып келе ме?
– Иә, дұрыс айтасыз. Қала бойынша мектептердегі жалпы қызметкерлер саны 7002болса, оның ішінде 4526-і педагог қызметкерлер. Бұл педагогтардың 4524-і жоғары білімді, 2-еуі арнаулы орта білімді. Ал, санаты бойынша саралайтын болсам:
Педагог-шебер санатын – 84 педагог, педагог-зерттеуші санатын – 841 педагог, педагог-сарапшы санатын – 792 педагог, педагог-модератор санатын – 803 педагог қызметкерлер алған.
Педагог-шебер санаты үшін 50, Педагог-зерттеуші санаты үшін 40, Педагог-сарапшы санаты үшін 35, Педагог-модератор санаты үшін 30 пайыз үстемеақы төленеді. Жалпы мұғалімдердің 55%-ның біліктілік санаттары бар.
2021 жылдың қаңтар айынан бастап білім мекемелеріне жұмысқа орналасу, бүлдіршіндерді балабақшаға, оқушыларды мектепке қабылдау және мектептен мектепке ауыстыру жұмыстары SMARTNATION.KZ жүйесіне ауыстырылып, қазіргі таңға дейін осы жүйемен жұмыс жасап келеміз. Мұғалімдерді жұмысқа қабылдау SMARTNATION.KZ порталы арқылы жүргізілуде.
Сондай-ақ, 34 білім беру ұйымдарындағы директорлардың 17-сі қыркүйек айында ротацияланады. Мектеп басшыларының екеуі былтыр аттестациялаудан өтсе, 12 директор биыл аттестациялаудан өтеді. Оның ішінде, он бірі менеджер-басшы (II санат), біреуі басшы-көшбасшы (жоғары санат).
Биылғы 2022-2023 жаңа оқу жылында бірінші сыныпқа қабылданған оқушы саны – 6250. 1-сыныпқа қабылдау «Egov.kz» Электрондық үкімет порталы арқылыжәне ата-аналардың өтініші бойынша жүргізілді
– Биылғы «Мектепке жол» акциясы қалай жүргізілді?
– 2022 жылдың тамыз айындағы мәлімет бойынша, Түркістан қаласы адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты мемлекеттік 34 мектепте 48250 бала тіркелген. Ата-ана қамқорлығынсыз қалған бала саны 113, олардың ішінде қорғаншылық пен қамқорлықтағы бала саны 104, патронаттағы бала саны 9. Көпбалалы мұқтаж отбасындағы бала саны 4825, аз қамтылған бала саны 2554, атаулы әлеуметтік көмек алмайтын күнкөріс жағдайы төмен отбасы бала саны 1178, жетім бала саны 78, жартылай жетім балалар саны 1302. Мектеп оқушыларын ыстық тамақпен қамту бағытында Түркістан қаласы бойынша биылғы жылы 4553 баланы қамту жоспарда тұр.
Бүгінге дейін «Мектепке жол» акциясында демеушілер есебінен 1500-ге жуық бала киім-кешекпен және мектеп құралдарымен қамтамасыз етілгенін де айта кеткен жөн. Оның ішінде қала әкімдігі 200 балаға, «Amanat» партиясының Түркістан облыстық филиалы 100 балаға, «Харекет» қайырымдылық қоры 200-ден астам балаға, «Халық» банкінің Түркістан қаласындағы өкілдері 40 балаға, Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Мұсабек Базарбай 100 балаға қамқорлық жасап отыр. Сондай-ақ, мектеп түлектері, кәсіпкерлер, мемлекеттік мекеме қызметкерлері демеушілік танытып, балаларға қуаныш сыйлауда. Осы орайды пайдалана отырып, бала болашағына бей-жай қарамай, материалдық көмектерін ұсынып отырған әр азаматқа ризашылығымды білдіргім келеді. Жалпы бүгінгі күнге дейін «Мектепке жол» акциясы аясында демеушілер есебінен 8 млн теңге көлемінде 531 бала оқуға қажетті құралдармен қамтылған. Акция 30 қыркүйекке дейін жалғасатынын ескерсек, бұл көрсеткіш әлі де ұлғайып, көмекке мұқтаж отбасы балаларының мектепке дайындығын пысықтайтын боламыз.Қала бойынша үйде оқытылатын бала саны – 324. (Оның ішінде жалпы мектеп бағдарламасымен оқытылатын бала саны – 197, көмекші мектеп бағдарламасымен оқитын бала саны – 127).
Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» 2007 жылғы 5 ақпандағы №81 қаулысын жүзеге асыру шеңберінде әзірленген даму мүмкіндігі шектеулі балаларға ықпалдастыра (инклюзивті) білім беруді ұйымдастыру мақсатында 2021-2022 оқу жылында инклюзивті білім беру бойынша 18 мектепте 297 балаға 28 түзету-дамыту сыныптары, ал балабақшалар бойынша 9 балабақшадан тілінде кемістігі бар 72 балаға 9 топ ашылды. Осыған байланысты инклюзивті сыныптар мен топтарды ашу үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 қаңтардағы №77 қаулысына сәйкес, 18 штат педагог-дефектолог, 9 штат педагог-логопед мамандары жұмыс жасауда. Мүмкіндігі шектеулі балаларға беретін мұғалімдерге 40 пайыз есебінде әр мұғалімге 7079 теңге төленуде. Қосымша ақы мөлшері базалық лауазымдық жалақыдан 40% (ППРК № 1193 жылғы 31.12.2015 ж). Инклюзивті білім беру – ерекше мұқтаждықтары бар балаларды жалпы білім беретін мектептерде оқыту. Түркістан қаласы бойынша 2019, 2020 жылдары №1 Байтұрсынов, №16 Т.Бигелдинов, №21 М.Пошанов, №24 М.Шоқай атындағы жалпы орта мектептерінен мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған арнайы инклюзивті білім беру ресурстық орталықтары ашылды.Түркістанда 9 мектеп STEM-кабинеттерімен жабдықталған. Атап айтанда, №6, №9, №12, №13, №14, №16, №17, №24, №27, мектептер. Тағы 6 мектепті STEM-кабинеттерімен қамту жоспарлануда.
– Жасөспірімдер арасындағы қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алудың қандай шаралары жасалып жатыр?
– Қаламызда бала құқықтарын қорғау және олардың қауіпсіздігін сақтау бойынша бірқатар жұмыстар атқарылды. Жалпы жағдай өткен жылмен салыстырғанда біршама алға жылжуда. 2021 жылы жасөспірімдер арасында 4 қылмыс орын алған болса, 2022 жылдың 7 айында 1 қылмыс жасөспірімдер тарапынан жасалды. Биылғы жылдың алғашқы жартысында да осындай 2 жағдай тіркеліп, олардың біреуі аяқталды. Сондай-ақ, өткен жылы 1 және 2022 жылы 1 ерте жүктілік фактісі тіркелген. «Бақытты отбасы» жол картасы негізінде қиын өмірлік жағдайға тап болған отбасыларға нүктелік көмек көрсетілуде. Кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылық уақтылы анықталып, кәмелетке толмағандар арасындағы отбасылық қолайсыздық, тұрмыстық зорлық-зомбылық пен қылмыстың алдын алу бойынша жұмыстар жүзеге асырылды.
Түркістан қаласындағы барлық мектептер 100% бейнебақылау жүйесімен қамтамасыз етілген. Видео жазбаны сақтау мерзімі кемінде 30 тәулікті құрайды. Мектептер арнайы күзетпен қамтамасыз етілмеген. Күзетуді қарауылдар мен вахтерлер жүзеге асырады. Мектептерге 2021 жылдың қыркүйек айында дабыл түймелері орнатылды. Мектептердің 6,2%-да оқушылардың электрондық базасы және турникеттермен қамтылған. Оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары қатаң қолға алынған.
Түркістан қаласындағы барлық мектептер 100% бейнебақылау жүйесімен қамтамасыз етілген. Видео жазбаны сақтау мерзімі кемінде 30 тәулікті құрайды. Мектептер арнайы күзетпен қамтамасыз етілмеген. Күзетуді қарауылдар мен вахтерлер жүзеге асырады. Мектептерге 2021 жылдың қыркүйек айында дабыл түймелері орнатылды. Мектептердің 6,2%-да оқушылардың электрондық базасы және турникеттермен қамтылған. Оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары қатаң қолға алынған.
– Балалардың талантының ерте ашылуына қандай қолайлы жағдайлар жасап жатырсыздар?
-Түркістан қаласының адами әлеуетті дамыту бөлімі ағымдағы жылы Сауран ауданы, Оранғай ауылдық округі, «Құшата» елді мекенінде орналасқан Балалардың жазғы сауықтыру демалыс лагері жұмыс жасады. «Балауса» лагері 16 маусымынан бастап іске қосылды. Демалыс лагері 10 күннен болып, 6 ауысымда 900 баланың демалуы ұйымдастырылды. Ал, 900 тұл жетім, жартылай жетім, әлеуметтік жағдайы төмен отбасы балаларына тегін жолдама алды. Сондай-ақ, бөлімге қарасты 30 мектептің 1-7 сыныптар арасында 12000 бала тамақсыз, 200 бала тамақпен мектеп жанындағы лагерьмен қамтылды.
Дарынды оқушылармен жұмыс жақсы жолға қойылған. Түркістан қаласының педагогтары да, оқушылары да облыстық білім бәсекелерінде топ жарып, алдыңғы қатардан көрініп келеді. Биылғы жылы ұйымдастырылған негізгі олимпиадалар мен ғылыми жоба жарыстарында да айтарлықтай жүлделі орындарға ие болдық. Мұғалімдер арасында өткен облыстық олимпиадаға 15 мұғалім қатысып, 13 мұғалім жүлделі орындарға ие болды. Түрлі деңгейдегі басқа да облыстық білім бәсекелерінде тағы 19 педагог жүлдегерлер қатарынан табылды. Ал, жалпы білім беретін пәндер бойынша 5-6 сынып оқушылары арасындағы пәндік олимпиаданың облыстық кезеңінде 12 оқушы, жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша 7-8 сынып оқушылары арасындағы олимпиаданың облыстық кезеңінде 2 оқушы, жалпы білім беретін пәндер бойынша 9-11 сынып оқушылары арасындағы Республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінде 27 оқушы жүлделі орындарды жеңіп алса, 8-11 сынып оқушыларының ғылыми жоба жарыстарында 9, 2-5 сынып оқушыларының “Зерде” ғылыми жобалар сайысында 3 оқушы білімдерімен көзге түсіп, алдыңғы қатардан көрінді. 28 мектеп-лицейінің 11-сынып оқушысы Қалдан Серік өткен оқужылындаIV республикалық Абайтану олимпиадасының облыстық кезеңінде 1-орынды иеленді. «Alash star» халықаралық өнер байқауының «Көркем сөз оқу» номинациясы бойынша «Бас жүлде» иегері.
2021-2022 оқу жылында спорттық жарыстарда түркістандық оқушылар жоғары нәтижелерге қол жеткізді. Атап айтқанда, Ұлттық мектеп лигасында Ж.Еділбаев атындағы №18 мектеп-гимназиясының 9-11 сынып қыздар командасы волейболдан І орын, 7-8 сынып қыздар командасы баскетболдан І орын, Төле би атындағы №19 жалпы орта мектебінің 9-11 сынып қыздар командасы стрейтболдан І орынды иеленіп, республика чемпиондары атанды. Ал, үстел теннисінен М.Жұмабаев атындағы №15 мектеп-гимназиясының 5-6 сыныптардан құралған командасы ІІ орын, Р.Исетов атындағы №20 жалпы орта мектебінің 7-8 сынып ұлдар командасы футболдан ІІІ орынды иеленді.
Гимназиада жарысы бойынша Ө.Жәнібеков атындағы №27 ІТ мектеп-лицейінің 9-11 сынып қыздар командасы гандболдан ІІІ орынды жеңіп алды. Sportfest спартакиадасы бойынша баскетболдан Түркістан құрамасы ІІІ орын, М.Шоқай атындағы №24 жалпы орта мектебінің оқушысы Бекайдар Қарақат үстел теннисінен ІІ орын, Ататүрік атындағы №17 мектеп-гимназиясының оқушысы Оралбай Ердәулет тоғызқұмалақтан ІІ орын, футболдан Түркістан облысы әкімі кубогінде Түркістан құрамасы яғни 9-11 сынып ұлдар командасы ІІ орын, 5-6 сынып оқушылары І орын иегері атанды.
(2021-2022 оқу жылында спорттық жарысқа қатысу рейтингісі).
Оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру және үйірмелерге тарту мақсатында қосымша білім беру бағдарламасы жалпы білім беретін мектептерде жүзеге асырылуда. Түркістан қаласының адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты мектептерде 2021-2022 оқу жылында үйірмелермен 33290 оқушы қамтылса, спорттық секцияларға қамтылған оқушылар саны 19100, қосымша білім беру ұйымдарына 4054 бала тартылған.
Жалпы қала бойынша 38700 бала қосымша білім берумен қамтылды. 2021-2022 оқу жылында 7 қосымша білім беру мекемелеріне (Балалар мен жасөспірімдер орталығы – 1410 оқушы, Саз мектебі – 294 оқушы, «Ақжайық» музыкалық мектебі – 139 оқушы, Өнер мектебі – 72, Қолөнер мектебі – 273 оқушы, Жас туристер станциясы – 678, Оқушылар сарайы – 1188) 4054 бала қамтылған. 5 мекемедегі қосымша біліммен қамтылған оқушыларға сынып бөлмелері жетіспейді. Атап айтқанда, Қолөнер мектебі, балалар мен жасөспірімдер орталығы, өнер мектебі, жас туристер орталығы, саз мектебі. 3 қосымша білім беру ұйымының (Саз мектебі, Өнер мектебі, Жас туристер орталығы) ғимараттары жоқ. Аталған білім беру ұйымдары «Халықтық кеңсе» ғимаратында орналасқан.
– Қаладағы қанша мектепке жөндеу жұмыстары өткізілді. Қалаға тұрақты қоныстанушылар қатары өсуде. Соған байланысты жаңа мектептер салу да кезек күттірмейді. Осы мәселені қалай атқарудасыздар?
– Адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты ағымдағы жөндеуден өткен мектептер білім күніне толықтай дайын. Қазіргі таңда Төле би атындағы №19 және М.Пошанов атындағы №21 жалпы орта мектептері күрделі жөндеуден өткізілді. «Жаңа оқу жылында оқушылар жаңарған мектепте білім алатын болады. Мұның барлығы түркістандық оқушылардың игілігі үшін атқарылып жатқан жұмыстар.
Білім саласы өте өзекті, мол жауапкершілікті талап ететін саланың бірегейі. Салада атқарылып жатқан жұмыстар аз емес. Олар өз нәтижесін беріп те келеді. Дегенмен, өз шешімін күткен өзекті мәселелер де бар екендігін жасыра алмаймыз. Қазіргі таңда қалада үш ауысымда білім беретін 3 мектеп (№14 Қазыбек би, №15 М.Жұмабаев, Е.Иззатуллаев мектептері) үш ауысымға өту қаупі бар 4 мектеп (№2 Хамза, №11 Ж.Жабаев, №23 Ж.Тәшенов, М.Әбенова мектептері) бар. Қазіргі таңда алдымызда ең алдымен осы мектептердің мәселесін шешу жауапкершілігі тұр. Алғашқы кезекте қаладағы апатты жағдайда деп танылған Әмір Темір атындағы №3, Е.Иззатуллаев атындағы жалпы орта мектептерінің жағдайын шешу талап етіледі. Сонымен қатар, өткен оқу жылы Қазыбек би атындағы №14 жалпы орта мектеп, М.Жұмабаев атындағы №15 мектеп-гимназия, Ж.Тәшенов атындағы №23 ІТ мектеп-лицейі, Хамза атындағы №2 жалпы орта мектеп, Ж.Жабаев атындағы №11 жалпы орта мектеп, М.Әбенова атындағы жалпы орта мектептері үш ауысымда оқығандығы да назар аудартатын мәселе. Қаламызда халық санының артуына орай 2023-2025 жылдар аралығында 9400 орынға лайықталған 9 мектеп бой көтереді. (№2 Хамза – 300 орын /2023/, №3 Әмір Темір – 300 орын /2023/, №14 Қазыбек би – 900 орын /2023/ атындағы мектептер және Баянауыл – 900 орын /2023/, Бірлік елді мекендерінен – 900 орын /2023/, әкімшілік-іскерлік орталық аумағында – 2000 орын /2023/, Бекзат тұрғын алабында – 1200 орын /2023/, Отырар тұрғын алабында – 2000 орын /2025/, Яссы тұрғын алабында – 2000 орын /2025/). Уақыт өткен сайын бізге яғни педагогтарға қойылатын талаптар да күшейіп келеді. Себебі, заман жаңаруда, білім іздеген жастарымыздың қатары артып келеді. Мұғалімдерді тамыз конференциясы мерекесімен құттықтай отырып, барлығыңызды еліміздің жарқын болашағы жастарымыздың білімді, мәдениетті, талғампаз болуы үшін аянбай еңбек ету жолында ізденісте болып, жаңа заманның заманауи педагогі болуға шақырамын!
– Сындарлы сұхбатыңызға рахмет, халықтық қызметіңіз жемісті болсын!