Н. Тұрашбеков: “Баға тұрақтылығы бақылаудан түспеуі керек”

Бүгін қала әкімі Нұрбол Тұрашбековтің төрағалығымен аппараттық мәжіліс өтті.

Жиында күн тәртібіне сәйкес,

бөлім басшыларының атқарылған жұмыстары бойынша баяндамалары тыңдалды.

Атап айтқанда, Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, Жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімі мен Бизнесті қолдау және туризм бөлімінің басшылары берілген тапсырмалардың орындалуына тоқталып өтті.

“Бизнесті қолдау және туризм бөлімінің” басшысы Талғат Алпысбайұлының мәлімдеуінше қазіргі таңда қалада жалпы 12 әлеуметтік дүкен, 30 әлеуметтік бұрыш бар.

Шаһардағы кәсіпкерлік нысандарда әлеуметтік маңызы бар азық-түліктердің бағасын 15 пайыздық үстемеден асырмай сату бойынша күнделікті түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. 15 пайыздан асырып сатылған жағдай анықталған дүкендерге хаттама түзіліп, екінші рет қайталаған жағдайда айыппұл төленетіні ескертілуде.

Одан бөлек, бөлім басшысы облыс орталығына тартылған инвестиция көлемі бойынша айтты.

Биыл шаһарға 298, 2  млрд инвестиция тарту жоспарланған. Оның бүгінде 130,1 млрд теңгесі жүзеге асырылған. Бұл өткен жылдың жеті айдағы көрсеткішімен салыстырғанда 111,6 млрд-тан  (2021 жылдың 7 айдағы көрсеткіші) 130,1- ге көбейген.

Қалалық әкімдіктің ұйымдастыруымен жыл басынан бері 60 жәрмеңке өткен. Жәрмеңкеде әлеуметтік маңызы бар азық-түліктер нарықтағы бағадан 20% төмен бағамен сатылған.

Шекер бағасын тұрақтандыру мақсатында тікелей зауыт бағасымен

229 тонна шекер жеткізіліп, 56 сауда

орынына таратылды. Қазірде шекер 10% үстемақымен сатылымға қойылған.

Сонымен бірге нан бағасын тұрақтандыру үшін, «Яссы құрылыс» “INSAF LTD”, «Абдрахманов Ө», «Абдрахманова У» , «Уримбаева С» жеке кәсіпкерлік нысандарымен келісім шарт жасалды. Нәтижесінде аталған нысандарға қарасты наубайханаларда нан 85-90 теңгеден сатылуда.

Баяндаманы тыңдаған шаһар басшысы баға тұрақтылығын бақылаудан түсірмеуді ескертіп, жұмыстарды ширатуды тапсырды.

ПІКІР ЖАЗУ