“Мен мектепке барамын…”

Жаңа оқу жылының қарсаңында Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков Оқушылар сарайында ерекше мерекеге қатысып, бүлдіршіндердің өнерін тамашалады. Сонымен қатар, балаларға сый-сияпат жасап, ізгі ниетін арнады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың биылғы жылды балаларға арнауы баршамызға үлкен міндет жүктейтінін атап өткен Нұрбол Әбдісаттарұлы:

– Ең үлкен бақыт балалардың күлкісінде. Бүгінгі жиынды пайдалана отырып, осы бүлдіршіндеріміздің риясыз күлкісі үшін еңбек етіп жүрген азаматтарға да Алғысымды жеткізгім келеді! – деді.

Іс-шараға сондай-ақ, қалалық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Жарқынбек Құлбайымбетов, әйелдер кеңесінің төрайымы Ұлжан Әбенқызы, әжелер алқасының төрайымы Серім Айғаным, қалалық мәслихаттың хатшысы Мақсат Асылбекұлы, мәслихат депутаты Ғаппар Амантайұлы қатысып, бүлдіршіндерге құттықтауын арнады.

“Мектепке жол” акциясы аясында ұйымдастырылған “Мейірім” іс-шарасына 200-ге жуық бала келіп, сыйлық алды. Ай ішінде 1000-нан астам бүлдіршінді мектеп қажеттіліктерімен қамту жоспарлануда.

ПІКІР ЖАЗУ