Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Түркістан облысында полиция 18,5 мыңнан астам құқық бұзушылықты анықтады

Түркістан облысының полицейлері үш апта ішінде 18,5 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады. Оның ішінде 34-і ұсақ бұзақылық пен 894-і жалпы пайдалану орындарын ластау фактілері. Сондай-ақ көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 300-ден астам шетелдік пен Қазақстан Республикасының 84 азаматы жауапқа тартылды.

Бұдан бөлек 188 мыңнан астам мекенжай, 1863 шаруашылық ауласы, 564 саяжай учаскесі, 98 жалға берілетін пәтер және ішкі істер органдарында есепте тұрған 4346 адам мен 5408 қару иелері тексерілді. Қаруды сақтау ережелерін бұзудың 26 фактісі анықталып, 11 тіркелмеген қару тәркіленді.

Сонымен қатар полицейлер іс-шара өткізу кезінде құқық бұзушылықтардың алдын алу, алаяқтық пен бөтеннің мүлкін ұрлаудың алдын алу бойынша профилактикалық және түсіндіру жұмыстарын атқарды.

Естеріңізге сала кетейік, тиісті құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу, сондай-ақ Түркістан облысында азаматтармен сенімгерлік қатынастарды нығайту мақсатында «Учаске» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Өз кезегінде полиция облыс тұрғындары мен қонақтарынан қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған алдын алу шараларына түсіністікпен қарауды сұрайды.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Сәйкес жаңалықтар

Түркістан облысында жол-көлік оқиғаларының алдын алу жұмыстары күшейтілді

admin

Түркістан облысы республикада біркүндік келушілер арасында топ-3 бағытқа кіреді

admin

Нью-Йорк әуежайында ұшақ көлікке соғылды: Қаза тапқандар бар

admin