Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

“Тең қоғамда” мүмкіндіктер де тең

Түркістан қаласында ерекше қажеттілігі бар жандарды әлеуметтік қолдау мақсатында «Тең қоғам» орталығы ашылған болатын.

Халықтың әлеуметтік әлсіз тобына тиісті көмек көрсету – қоғам міндеті. Осы орайда орталық әлеуметтік, психологиялық, құқықтық және жұмысқа орналастыру бойынша төрт бағытында жұмыс жасайды.

Бүгінде бөлімшеден қызмет алушы ерекше жағдайдағы кәсібін ашуға үміткер 37 азамат тіркеліп, оның ішінен  17 азамат «Бизнес бастау» жобасына қатысып, арнайы тестілеуден өтіп, сертификаттарға қол жеткізді.

Сертификат алған азаматтар қазіргі таңда арнайы комиссияның қабылдауында өздерінің бизнес жобаларын қорғауда.

Сәйкес жаңалықтар

Түркістанда өткен конференция барысында «Күн тұтылған мезет» кітабы таныстырылды

admin

Жалдамалы-коммуналдық тұрғын үйлердің мақсатына сай пайдалану және ай сайынғы төлем ақылары бойынша рейдтік іс-шара жүргізілуде

admin

«Айбын-2025»: 700-ден астам бала әскери-патриоттық жиынға қатысуда

admin