Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Спортшылар құрметке бөленген күн

Бүгін Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Ерлан Күзембаев спортшылар күні мерекесі қарсаңында сала қызметкерлері мен жас спортшыларды қабылдады.

Қаламыздағы бұқаралық спортты, ұлттық спортты дамыту бағытында кешенді жоспар жасалып, тиісті жұмыстар жүргізіліп келеді.

Биылғы жылдың өзінде спортшыларымыз Қазақстан Республикасының ойындарында 56 алтын, 66 күміс, 78 қола, Әлем чемпионатында 8 алтын, 15 күміс,8 қола, Азия чемпионатында 1 алтын, 2 күміс, 5 қола медальға қол жеткiздi.

“Спорт – денсаулық кепілі десек, спорттағы жетістіктер – ел мерейін өсіретін, азаматтық намыс пен жігерін шыңдап, даңқын арттыратын тынымсыз еңбектің жемісі. Мұндай жеңістер қажырлы күшпен келеді. Осы үдеден шығып жүрген спортшыларымыз биік белестерді бағындыруда. Сіздерді алдағы уақытта да додаларда топ жарып, жеңіс тұғырынан көріне береді деп сенемін”-деді Ерлан Бақытжанұлы өз құттықтауында.

Жиын соңында спортшылар мен олардың жаттықтырушылары қала әкімінің алғыс хатымен марапатталды.

Сәйкес жаңалықтар

«Қоғамдағы татулық пен бірлікті қамтамасыз етудегі медиацияның рөлі» атты тақырыпта кездесу өтті

admin

Жол қозғалысы ережелерін бұзған 300-ден астам жүргізуші жауапқа тартылды

admin

How did it go so wrong for Ferrari in Singapore?

admin_bainews