Күрделі ота жасау бойынша мастер-класс өткізілді
Түркістан облыстық клиникалық ауруханасында күрделі ота жасау бойынша мастер-класс өткізілді. Жүрек жетіспеушілігі және ес жоғалтумен асқынған жүректің қарыншаүстілік тахикардиясы мен жүректің қосымша өткізгіш жолдарына жүрекішілік электрофизиологиялық зерттеу және радиожиілікті аблациялау отасы жүзеге асты.
Мастер-классты аритмолог дәрігерлермен бірлесіп, Астана қаласындағы Президенттің Іс жүргізу басқармасы ауруханасының жетекші маманы Ринат Камиев өткізді. Шеберлік сағатына Облыстық клиникалық ауруханасының дәрігерлері қатысты.