Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Мектептерге 1000-нан астам бейнебақылау камерасы орнатылды

Жасөспірімдердің денсаулығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында білім беру мекемелерінде бейнебақылау камерасын орнату жұмыстары өз деңгейінде жүргізіліп келеді.

Бүгінгі күні шаһардағы 55 мектеп 1164 бейнебақылау камераларымен жабдықталған.

Олардың 700-і мектеп ішінде, 464-і сыртында орналасқан.

Камералардың барлығы полиция департаментінің жедел басқару орталығына қосылған.

Бейнебақылау жүйесі тиісті мониторға шығарылып, нақты уақыты көрсетіліп тұрады. Жазба 30 күнге дейін сақталады. Бұл білім беру мекемелерінде орын алған кез-келген құқық бұзушылықтың алдын жылдам алуға көмектеседі.

Қазіргі уақытта мектептердегі бейнебақылау жүйелерін күзетші мен оқу орнының басшылығы қадағалайды.

Сондай-ақ, жоғары оқу орындары мен колледждер камералармен толық қамтылған.

Сәйкес жаңалықтар

Астанада жаңадан салынған тұрғын үй өртенді

admin

«300 мың теңгеге жетпейді»: Қазақстанда жұмыс берушілер қанша жалақы ұсынады

admin

Шымкентте шетелдіктерді заңсыз еңбекке тартқан 15 азамат анықталды

admin