Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Өзекті мәселелер-басты назарда

Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбековтің секторларда тұрғындармен өткізген кездесулері барысында жаяу жүргіншілерге арналған жол мәселесі көп қозғалған болатын.

Кей жолдарға асфальт төсеу инфрақұрылым жүйелері толық жүргізіліп болған соң жүзеге асатынын түсіндірген шаһар басшысы бүгінде әлеуметтік маңызы бар нысандарға (мектеп, балабақша) жаяу жүргіншілерге арналған жол салу мәселесін шешуге кірісті.

Биыл “Шауғар” секторы аумағында 20 шқ. құрайтын 31 көшеге тас төселді. Сонымен қатар, 3 шақырымды 2 көше ағымдағы жылы орташа жөндеуден өтетін болады.

Сондай-ақ, 139,8 шқ. құрайтын 123 көшенің жарықтандыру жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.

Қазіргі таңда секторда 22 орынға аялдама орнатылды. 20,5 шақырымды құрайтын 19 көшеде жаяу жүргіншілерге арналған жол төселуде, құрылыс жұмыстары қыркүйек айының соңына дейін толық аяқталады деп күтілуде.

Сәйкес жаңалықтар

2023 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстандағы демографиялық трендтер, ұзақ мерзімді сын-қатерлер және олардың зейнетақы жүйесіне әсері

admin

Өңір экономикасын қарқынды дамыту үшін ұзармерзімді инвестиция құятындарға қолайлы жағдай жасалады

admin

М.Әйтенов: халыққа қолайлы жағдай жасау үшін ауызсумен қамту жұмыстарын күшейту қажет

admin