Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі өтті

Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің бастамасымен онлайн форматта мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жәрмеңкесі ұйымдастырылды.

Жәрмеңкеге Төлеби ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы, ауданның кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы, жер қатынастары, ветеринариялық қызмет және адами әлеуетті дамыту бөлімінің жауапты мамандары қатысып, баяндама жасады. Сондай-ақ, аудан тұрғындарына мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөнінде кеңестер берді. Айта кетейік, онлайн форматтағы жәрмеңке алдағы уақытта тұрақты түрде өткізілетін болады.

Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 

Сәйкес жаңалықтар

Семейде «Туған жерге туыңды тік» инвестициялық форумы өтті

admin

Полиция облыс орталығында 150-ден астам түрлі құқық бұзушылықтарды анықтады

admin

Әділет департаментінің басшысы азаматтардың шағымдарын тыңдады

admin