Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Түлкібаста мектеп жәрмеңкесі өтуде

 

Бүгін таңертеңгі  9-00 ден бастап Түлкібас ауданы, Т.Рысқұлов ауылының орталық алаңында мектеп жәрмеңкесі өтуде.

Жәрмеңкеде аудан тұрғындары мен қонақтары мектеп формасынан бастап оқуға қажетті канцеляриялық құрал-жабдықтарды арзан бағада сатып ала алады.

Бұл жерде «Алатау текстиль», «Заря» және т.б. отандық тауар өндірушілер жасап шығарған мектеп формасы мен аяқ киімнің түр-түрі сатылуда. Баға базардың бағасынан анағұрлым төмен.

Канцеляриялық құрал-жабдықтар 10%-дан 15%-ға дейін, мектеп формасы 10%-ға дейін, аяқ киім 10%-ға дейін, ал сөмкелер 50%-ға дейін жеңілдікпен сатылуда.

Аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен өтіп жатқан шарада тұрғындардың ыңғайлылы үшін арнайы киімді киіп көретін орындар әзірленіп, мәдениет үйінің қызметкерлері тарапынан әуендер орындалуда.

Түлкібас ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Сәйкес жаңалықтар

Тоқаев: Forbes тізіміндегі кәсіпкерлер әр облысқа бекітіледі

admin

Шымкентте жол таңбаларын сызуда суық пластик қолданылмақ

admin

Тоқаев Алматыда LRT жүйесін енгізу бойынша бірқатар тапсырма берді

admin