Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

ӨРТ ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІН ҚАТАҢ САҚТАУҒА ШАҚЫРАМЫЗ!

2022-2023 жылдардағы жылыту маусымына арналған профилактикалық іс-шаралар жоспарына сәйкес Ленгір қаласындағы Қ.Дүйсемұратұлы және Базар көшелері бойындағы 2 қабатты көппәтерлі тұрғын үйлерде үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді.
Бірлескен іс-шараға Ленгір қаласы әкімі аппараты, аудандық төтенше жағдайлар бөлімі, аудандық полиция бөлімі қызметкерлері және аудандық жастар ресурстық орталығының еріктілері қатысты. Түсіндірме жұмыстары барысында өрт қауіпсіздік ережелері мен төтенше жағдайлар туындаған кездегі іс-қимылдар түсіндіріліп, арнайы жаднамалар таратылды. Өрт – тілсіз жау. Сондықтан аудан тұрғындарын өрт қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырамыз!
Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Сәйкес жаңалықтар

Түркістанда сүт шаруашылығын дамыту бағытында халықаралық конференция өтті

admin

Шымкентте жылына 72 млн дана жұмыртқа шығаратын кәсіпорын ашылды

admin

«Қар барысын сақтайық!» экологиялық акциясы өтті

admin