Республика күніне орай мұғалімдер арасында волейболдан жарыс өтті

2022 жылы 22 қазан күні Түлкібас ауданы адами әлеуетті дамыту бөлімінің жоспарына сәйкес, Қабанбай негізгі жалпы орта мектебінің базасында 25- қазан Қазақстан Республикасының күніне арналған волейболдан мұғалімдер (әйелдер) арасында аудандық жарыс өтті. Жарысқа аудан мектептерінен 16 команда қатысты.

Жарыстың мақсаты әйелдер арасында салауатты өмір салтын насихаттау, қазіргі жаңа қоғамда әйелдердің спорттағы ролін арттыру, себебі әйел ана ретінде Жаңа Қазақстанның болашақ тұтқасын ұстайтын жас ұрпақты тәрбиелеуге үлес қосатын негізгі тұлға екені белгілі. Жарыстың салтанатты ашылуына Түркістан облысы қоғамдық келісім мекемесінің Түлкібас аудандық қоғамдық келісім филиалының басшысы А.Нуранов, аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы Е.Кадырбек, Аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің маманы Е.Қойлыбаев қатысып, спортшыларға жылы лебіздерін білдірді. Өте қызықты және тартымды өткен жарыстың қорытындысы бойынша 1-орынды Г.Титов атындағы ЖОМ, 2- орынды О.Ағыбайұлы атындағы ЖОМ, 3- орынды М.Лермонтов атындағы ЖОМ мұғалімдері жеңіп алды. Жеңімпаз командалар мен үздік ойыншылар Сейтова Айгерім, Казакчаева Лобархон, Есентаева Күлпан аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің ауыспалы кубогы, дипломдары, грамоталары және Қабанбай атындағы негізгі жалпы орта мектебінің әкімшілігі тағайындаған бағалы сыйлықтарымен марапатталды.

Жарысты ұйымдастыруда Түлкібас ауданы адами әлеуетті дамыту бөлімінің әдіскері Ж.Абилов , Қабанбай НОМ директоры Ү. Дүйсенова және дене шынықтыру пәні мұғалімдері зор үлес қосты.

ПІКІР ЖАЗУ