Кезекті халықпен кездесу жиыны Қыземшек кенті мен Жуантөбе ауылында жалғасты
Бүгін аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков кезекті есеп беру жиынын Қыземшек кенті мен Жуантөбе ауылында жалғастырды. Жиынға аудан әкімдігінің бөлім, мекеме басшылары, бірқатар өндіріс басшыларының өкілдері қатысты.
Жиын барысында аудан басшысы атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып, алдағы міндеттерді баяндады. Өткен кездесулерде тұрғындар тарапынан көтерілген өзекті мәселелер кезең-кезеңімен шешіліп жатқанын айтты. Қыземшек кентіндегі спорттық мәдени сауықтыру кешенінде атқарылып жатқан күрделі жөндеу жұмыстарымен және үш көшеге төселіп жатқан асфальт жолдары аз уақыт ішінде бітіріп, тұрғындар игілігіне берілетінін жеткізді. Жиында тұрғындар тарапынан қойылған бірқатар өтініш-пікірлер тыңдалып, орындау үшін жауапты мекеме, бөлім басшыларына арнайы тапсырмалар жүктеді. Кент тұрғындарын қысқы жылу маусымына дайындық барысы туралы сауалдарын қойды. Тиісті мекеме тарапынан жылу қазандығына жөндеу жұмыстары жүргізіліп, жылу маусымына дайын екенін айтып, жауапты мамандарға толық бақылауда ұстауды тапсырды. Аталған жиын Жуантөбе ауыл округінде жалғасты. Ауыл тұрғындары алдыңғы кездесуде көтерілген бірқатар мәселелер атқарылса бірқатары атқарылып жатқанын айтып, алғыстарын білдірді. Аудан басшысы Қыземшек кентінде орналасқан Қыземшек кенті дәрігерлік амбулаторисы, «Самал» бөбекжай балабақшасында болып, жұмыс барысы мен жылу жүйесін бақылады.
Дәл осындай бақылау жұмыстары Жуантөбе ауыл округінде жалғасты. Жуантөбе дәрігерлік амбулаториясының жылу жүйесімен, Жуантөбе ауылдық округі әкімі аппараты ғимаратының құрылысы, “Шолаққорған-су” МКК-на қарасты ауыз су беру мекемесіне барып, “Қазатомөнеркәсіп” ҰАК АҚ демеушілігімен ауыл халқын ауыз сумен 24 сағат толық қамтамасыз ету үшін қазылып жатқан ұңғыма құдық жұмыстарымен танысты.