Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Ұстаз болу-жүректің асылдығы

Қазан айының бірінші жексенбісі елімізде — Ұлағатты ұстаздардың мерекесі.
Білім нәрімен сусындатып, болашақ ұрпақты өмірге баулитын ұлы мамандық иелері құрметіне мерекелік жиын өтті.
Оқушылар сарайында өткен салатанатты шарада қала әкімі шаһардың білім саласына еңбегі сіңген зейнеттегі ұстаздар мен бала тәрбиесінде елеулі еңбек етіп жүрген мұғалімдерді марапаттады.
Құттықтау сөзін алған шаһар басшысы өз сөзінде, «Ұстазы жақсының — ұстамы жақсы деген сөз тегіннен-тегін айтылмаса керек. Балаға білім беріп, тәрбие үйрететін сол ұстаз. «Ұстаз» сөзінің «Отан», «Ар», «Адамгершілік» сияқты қасиетті ұғымдардың қатарынан орын тебуінің өзінде де үлкен мән жатыр. Себебі, ертеңгі күннің қоғамдық-саяси, экономикалық мәселелерін шеше білетін білімді де білікті ұрпақты тәрбиелеу ұлағатты ұстаздарымыз — Сіздердің қолдарыңызда!» деп, мерекелік лебізін жеткізді.
Келесі болып, сөз алған қалалық «Адами әлеуетті дамыту» бөлімінің басшысы Оразкүл Шайхықызы ұстаздарға тілегін арнап, Түркістан облыстық «Адами әлеуетті дамыту» басқармасы басшысының алғыс хаттарын табыстады.
Жиын қаланың жас өнерпаздарының мерекелік концертімен жалғасты.
Халықаралық Хожа Ахмет Ясауи атындағы қазақ-түрік университетінің «Филология» факультеті студенттері де ұстаздарына құрмет көрсетті.
«Ұлы дала елі» орталығында мерекелік кеш ұйымдастырып, оқытушыларына сыйлақтарын берді.
Жиында қаланың білім саласында еңбек еткен ардақты ұстаздарға арналып жылы лебіздер мен мерекелік тілектер айтылды.

Сәйкес жаңалықтар

№5 жылу энерго орталығындағы жөндеу жұмыстары қадағалануда

admin

ШЫМКЕНТ: Нұртас шағын ауданы осы жылы сапалы ауыз сумен қамтылатын болады

admin

ШЫМКЕНТ: Жыл соңына дейін 60 несиелік тұрғын үй пайдалануға беріледі

admin