Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

№5 жылу энерго орталығындағы жөндеу жұмыстары қадағалануда

Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов сала мамандарымен бірге Кентау қаласының №5 Жылу энерго орталығындағы жөндеу жұмыстарын бақылады.

Қазіргі таңда №7,8,9,10,11,12 қазандықтарында қайта құру жұмыстары жүргізілуде. №8 және 11 қазандықтың монтаждау жұмыстары аяқталды. Бақылау барысында №11 қазандық қондырғысына химиялық жолмен жуып, шаю жұмыстары жүріп, тексерілді.

Қыркүйек айының соңына дейін №9 және 10 казандықтардың, ал қараша айының соңында №7,12 қазандықтарда жүргізіліп жатқан жұмыстарды аяқтау жоспарлануда.

Зұлпыхар Сансызбайұлы жөндеу жұмыстарын уақытылы әрі сапалы аяқтауды тапсырып, жөндеу жұмыстарының басты назарда болатынын айтты.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Сәйкес жаңалықтар

«Бақытты жанұя» орталығының тәжірибесі өзге өңірлерге үлгі

admin

«Сіз заңды білесіз бе?» тақырыбында танымдық байқау өткізілді

admin

Түркістан облысында полиция 250 келіден астам марихуана тәркіледі

admin