Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Шымкентте жалаңаш ер кісі көшенің қақ ортасында шомылған

Шымкентте орта жастағы ер адамның әрекеті жұрттың таңданысын тудырды. Куәгерлер оны видеоға түсіріп алған. Бейнежазба әлеуметтік желілерде пайда болды.

Аптап ыстықтан шаршаса керек, ер кісі Төле би көшесінің бойында жолдың дәл ортасында орналасқан гүл суғаратын су шашқыш суына  жалаңаш шомылып жүрген. Көп ұзамай полицейлер ыстық күнде салқындаудың ерекше жолын тапқан ер адамның жеке басын анықтады. Ол қазір тұрақты тұрғылықты жері жоқ, 50 жастағы азамат болып шықты.

Оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы 1-бөлігі хаттама толтырылды.

Полиция қызметкерлері жинақталған іс-құжаттарды әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі ауданаралық сотқа жібереді.

Сәйкес жаңалықтар

Қытай сапары: Түркістан облысы мен Шаньдун провинциясы арасындағы ынтымақтастық кеңеюде

admin

Түркістан облысында малазықтық дақылдар көлемі 6,2 мың гектарға артып, 227,9 мың гектарға егілді

admin

Ордабасы: бүгін аудан әкімі Нұрбек Бадырақов Бөржар ауыл округіне қарасты 150 тұрғыны бар шалғайдағы Қалаш ауылына барып, тұрғындармен кездесті.

admin