Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІДЕ ХАЛЫҚПЕН КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТУ БОЙЫНША СЕМИНАР ӨТТІ

Бүгінде ғаламтордың дамыған шағында әлеуметтік желі ерекше көңіл бөлуді қажет етеді. Бұл мәселені Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевта Үкіметтің кеңейтілген отырысына көтеріп, барлық мемелкеттік органдарға халықпен әлеуметтік желіде кері байланысты нығайту бойынша нақты тапсырмалар жүктеген болатын.
Осы орайда, бүгін аудан әкімі Нұрлан Байғұттың тапсырмасымен аудан әкімдігіне қарасты дербес бөлімдер мен ауылдық округ, кент әкімдіктерінің жауапты мамандарының қатысуымен «Әлеуметтік желіде халықпен кері байланыс орнату» тақырыбында семинар өтті.
Семинарда аудан әкімі аппаратының бас инспекторы-баспасөз хатшысы Бақытжан Иманбаев тұрғындар тарапынан өтініш-ұсыныстардың басым бөлігі жарияланатын Facebook және Instagram желісін қолдану тәртібі мен артықшылықтарын түсіндіріп өтті. Қатысушылар тарапынан қойылған сауалдарға жауап беріп, әлеуметтік желідегі көтерілген әр мәселенің назардан тыс қалмау керектігі айтылды.
Бүгінгі таңда Түлкібас ауданы әкімдігіне қарасты 15 ауылдық округ, кенттер мен барлық дербес бөлімде Facebook әлеуметтік желісі ашылып, жауапты мамандар бекітілген.
Түлкібас ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Сәйкес жаңалықтар

Түркістан: Келесте уылдырық цехы іске қосылып, алғашқы өнім алынды

admin

Трамптың әр сөзі мұнай бағасын шайқалтып жатыр

admin

Сарыағаш: маңызды мақсат – жемқорлықсыз қоғам

admin