Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
АгрономияЖаңалықтар

Түркістанда астық науқаны қарқынды жүріп жатыр

 Түркістан облысында биыл ауыл шаруашылығы дақылдары 851 мың гектарға орналастырылып, дала жұмыстары толығымен аяқталды. Егіс көлемі өткен жылдан 5,5 мың гектарға ұлғайды (2021 ж. – 845,5 мың га).
Егістікті әртараптандыруға сәйкес, масақты дақылдардың егіс көлемі 7,1 мың гектарға артып, 248,6 мың гектарға орналастырылды (оның ішінде бидай – 201,2 мың га, арпа – 47,5 мың га).
Астық оруға қолда бар 800-ге жуық комбайнның 90-95%-ы қатысуда. Бүгінгі күнге 23,5 мың гектар астық орылып (10%), гектар түсімділігі 17,2 центнерді құрады, 40,3 мың тонна астық қамбаға құйылды. Биыл алдын-ала жасалынған болжамдық есеп бойынша әр гектардан орташа 18,7 центнерден, жалпы 465,1 мың тонна өнім жиналады деп күтілуде. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен 203 мың тоннаға артық.
Дереккөз:Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Сәйкес жаңалықтар

Вахтовый автобус загорелся на дороге в Карагандинской области

admin

Саябаққа Қосан Мамытовтың есімі берілді

admin

Тұрғындар көтерген мәселелер заңды шешімін тапқанша бақылауда болады

admin