Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
ЖаңалықтарҚоғам

Түркістан қаласында жасанды көлі бар саябақ ашылды

 Түркістан қаласында Президент саябағы ашылды. Шаһардың ауа райын жақсартып, көгалдандыруға оң серпін беретін саябақтың ашылу салтанатына ел ағалары, ақсақалдар, әкімдік өкілдері, тұрғындар мен Түркістанның қонақтары қатысты.
Жалпы аумағы 40 гектарға жуық жерде орналасқан Президент саябағында тұрғындар мен қала қонақтарының тынығуына қолайлы жағдай жасалған. Бұрын бұл жер бос алқап болған. Мұндағы жасанды көлдің сыйымдылығы 100 мың текше метрге жуық. Тереңдігі – 4 метр. Мұнда қайықпен серуендеуге, су спортымен шұғылдануға мүмкіндік бар. Биыл көктемде осы су айдынында триатлоннан Қазақстан кубогы жолындағы жарыс өткізілді. Мамандар мен спортшылар Түркістандағы жасанды көлге оң пікірлерін білдірген болатын. Жалпы саябақтың көгалдандырылған аумағының көлемі – 25 гектарға жуық, 3500 шаршы метрге гүл егілген. Аллея, субұрқақтары мен балалар ойын алаңшалары, орындықтары мен жүгіру және веложолы бар. Сонымен бірге жаңа саябақта 7 мыңнан астам ағаш, 43 мың түптен астам гүл егілген. Әлемнің бірнеше мемлекетінен елімізде сирек кездесетін ағаш түрлері әкелінген. Жарықшамдар орнатылған. Әсем әрі көрікті саябақ көпшілікке ұнады.
Саябақтың ашылуына орай «Түркістан маржандары» мерекелік кеші ұйымдастырылды. Түркістанның жаңа туристік орнына арнайы келген тұрғындар мен қонақтарға Түркістан қалалық мәдениет үйінің өнерпаздары концерттік бағдарламасын ұсынды. Кеш соңы жалпыхалықтық серуенге ұласты.
 Дереккөз: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Сәйкес жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: Туризм басқармасы мен туризм және меймандостық университеті арасында екіжақты келісімге қол қойылды

admin

ШЫМКЕНТ: Бас жоспарына сәйкес қаланың дамуы солтүстік бағытта жүргізілуде

admin

ШЫМКЕНТ: «ТӘУЕЛСІЗДІК ЖЫЛДАРЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТТАРЫ» КӨРМЕСІ ӨТТІ

admin