Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
ЖаңалықтарҚоғамСпорт

Дзюдодан ел чемпионаты аяқталды

 Қарағанды қаласында дзюдо күресінен U-23 жасқа дейінгі жастар арасында Қазақстан чемпионаты өтті. Елшілік жарысқа республикамыздың барлық аймағынан мықты деп іріктелген балуандар қатысып, өзара шеберліктерін байқасты. Түркістан облысының намысын қорғаған Молдаш Кемелбек 66 келі салмақ дәрежесінде қарсылас шақ келтірмеді. Ол Ел чемпионатында 5 кездесу өткізіп, барлық белдесуде жеңіске жетіп, U-23 жасқа дейінгі жастар арасында Қазақстан чемпионы атанды. Ақтық белдесуде ақтөбелік Алмат Әділетті тізе бүктірді.
Енді жеңімпаз жерлесіміз тамыз айында Ақтауда өтетін Азия кубогінде Еліміздің намысын қорғайтын болаты. Сәттілік серік болсын!

 Дереккөз: Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы

Сәйкес жаңалықтар

Түркістан: «TEN QOGAM» — әлеуметтік қызметтің жаңа үлгісі

admin

Түркістан облысында 100 млн теңгеден астам жалақы қарызы өндірілген

admin

Түркістан: Сарыағашта жаңа әдіспен құлпынай өсірілуде

admin