Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
ЖаңалықтарҚоғам

Түркістанда тарихи көрменің ашылуы өтті

 Түркістан облыстық Ұлы Дала Елі орталығында «Тарихы – терең Ақжайық, Тақсай ханшайымы» атты көрменің ашылуы өтті. Көрмені ұйымдастырушы Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейі. Көрмеде көпшілік назарына 2012 жылы Теректі ауданындағы Долинное елді мекенінің маңынан табылған «Алтын әйел» тарихи жәдігері қойылды. Тақсай кешенінен табылған жәдігердің зерттеу жұмыстары БҚО тарих және археология орталығында жасалған. Тақсай ханшайымының бейнесін Алматы қаласындағы «Остров Крым» ғылыми-қайта қалпына келтіру шеберханасы мамандары ғалымдармен бірлесе отырып қайта қалпына келтірген. Зерттеуші-ғалымдардың пайымдауынша, Тақсай кешенінен табылған «Алтын әйел» қабірі ежелгі сармат кезеңіне тиесілі. Олай деуге әйелдің жерлену тәсілі мен сары металдан жасалған бұйымдар негіз болады.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Сәйкес жаңалықтар

Әйел дүкен сөресінен ұялы телефон ұрлаған

admin

Түркістан: қала әкімінің кезекті брифингі өтті

admin

Балалардың тұрғылықты жерін анықтау туралы ісі қаралды

admin