Ысмайыл Ата кесенесінің тарихы

  Ысмайыл атаны Қожа Ахмет Ясауидің шәкірттерінің шежіресінен анық байқауға болады. Исмайыл ата түркі ғұламасы Қожа Ахмет Иасауидің Ибраһим деген інісінің ұлы екендігін парсының ұлы ақыны Əбдірахман Жəми өзінің «Нəсəимул-мухəббəт мин шəмəил-футууəт» атты шығармасында атап өтеді. Қ.А. Иасауи ілімін жалғастырушылардың бірі болған. Аңыз бойынша, бұл қауымның бірінші басшысы Ибраһим ата, оның Ысмайыл және Жәбірейіл есімді екі баласы болған. Исмайыл 20 жасқа толғанда қалмақ шапқыншылығы болып, жау оның ата-анасы мен бауыры Жәбірейілді өлтіреді. Ол өмірінің соңына қарай көптеген ізбасарлар дайындап, құрмет пен даңққа бөленеді. Аңыз бойынша оның бейітінің басындағы кесенесі XIV ғ Әмір Темір бұйрығы бойынша тұрғызылған. Түркістан облысы, Қазығұрт ауданы Тұрбат ауылының ортасында, ескі мазар ішінде орналасқан. Кесене бір күмбезді кірпіштен соғылған, күмбез үстінде жаңғақ ағашынан істелген діңгек орналасқан. Күмбездің жалпы көлемі 10х12 м., ішінен биіктігі 6 м. 1976 ж мемлекет қорғауына алынып тарихи сәулетті ескерткіш боп аталды, бірақ ешқандай іс әрекет жасалынбай құрылыс қирай бастады. Тұрбат тұрғындары көне ескерткішті қалпына келтіру шешім қабылдап сақтап қалуына үлкен үлес қосты. 2006 жылы “Мәдени мұра” бағдарламасы аясында қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілген.

ТегтерТарих

ПІКІР ЖАЗУ